«Ұйқылы-ояу Джоның саясатта жүргеніне 40 жыл және ештеме тындырған емес. Енді ол өзін бірдеменің жауабын білетін адамдай көрсетпек, бірақ жауапты қойып сұрақты да білмейді. Әлсіздік анархистерді, мародерлерді немесе баскесерлерді ешқашан жеңе алмайды. Ал Джо өмір бойы саяси әлсіз күйінде келеді», деп жазған Трамп өз твитінің соңын «Заң мен тәртіп» сөзімен аяқтады.
77 жастағы демократ Байден алдымызда өтетін 2020 жылғы АҚШ президентінің сайлауында Трамптың басты бәсекелесі.
USA Today хабарлағандай, 1 маусым күні Делавэр штатындағы христиандар қауымдастығы өкілдерімен кездесу барысында Байден президенттің демонстранттар наразылығын басу жөніндегі әрекетін қатты сынға алған болатын.
Ол сондағы сөзінде америкалық конгрессті алдағы уақытта полиция нәсілшілдігіне жол бермес үшін құқық қорғау органдарын реформалауға шақырған еді.