Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді

Ертең сағат 10:00-де ел астанасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді. Азаматтар елдің басты әнұранын айтып, бір-біріне жолдайды.

МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан хэштегтерін қолдана отырып, видеолар азаматтардың жеке парақшаларында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелердің парақшаларында жарияланады.

Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің көрінісі. Шараға елорда тұрғындарының барлығы үн қоса алады. Акция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бастамасымен өтеді.

Сондай-ақ «Астана жастары» КММ 4 маусым күні қала көшелерімен 20 автомобиль мен 10 мотоцикл қатысатын митинг өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 1 маусымнан қоғамдық көліктерде мемлекеттік рәміздер туралы бейнематериал таратыла бастады. Ірі сауда орындары: «Евразия», «Астаналық базар», «Аружан», «Жаннур», «Гүлжан» сауда орталықтарында хабарландыру жарияланған.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер – бүкіл әлемде елдің тәуелсіздігін, халықтың патриотизмін, батырлығы мен даналығын, жарқын болашаққа ұмтылысының, мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың бейнесі. Осы мерекені атап өту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар іс-шаралар өткізіледі.