03 Қазан, 2013

Ресейде 20 жылдың көлемінде 7 мың мешіт салынған

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Talgat-Tadzhuddin

Ресей мұсылмандары Орталық рухани басқармасының Бас мүфтиі Талғат Тәжуддин соңғы 20 жылдың ішінде Ресейде жеті мыңнан астам мешіт ашылып, жеті Ислам университеті құрылғанын айтты. Бұл туралы ТАТPRESSA.RU сайты хабарлады.

Ресей мұсылмандары Орталық рухани басқармасының құрылғанына 225 жыл толуына орай қазан айының орта тұсында Уфада ұйымдастырылғалы отырған салтанатты жиынға дайындық барысында Талғат Тәжуддин: «Мешіттер Аллаға сенетін қарапайым адамдардың, түрлі деңгейдегі атқарушы орындардың қолдауымен салынуда. Өз еріктерімен мешіт салып беріп жатқан кәсіпкерлер көп. Тіпті, христиан дінін ұстанатын бір адам өзінің ризалығымен мешіт салып, жамағаттың игілігіне ұсынды», – деді.

Жолдыбай Базар