Қоғам • 03 Маусым, 2020

«Елбасы Медалі» жастар өз талантын көрсетуге таптырмас бағдарлама

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Елбасы Академиясы» КҚ басшысының орынбасары Ануар Жангозин айтты.

«Елбасы Медалі» жастар өз талантын көрсетуге таптырмас бағдарлама

«Біз дарынды жастардың бүкіл халыққа танылуын ғана емес, сонымен бірге осы жолдағы өзін-өзі жетілдірудің тиісті бағдарламасынан өтуге де жәрдемдесеміз. Бұл жастарымыздың жеке-жеке таңдаған өз жолымен өсуіне қажет қарекет деп білеміз. Спорттық дайындыққа, интеллектуалды және шығармашылық дамуға бастайды. Яғни, табысты еңбекке ұмтылған, алдына қойған мақсаты айқын адамдардың коммуникациялық дағдылары мен осыған қажет жеке қасиеттерін дамытуға әсер етеді.  Республикамыздың басты байлығы - бұл Қазақстан азаматтары. Осынау Ұлы даланы мекен еткен халық арасында миллиондаған таланаттарымыздың бар екендігіне ешқандай шүбә жоқ.  Мемлекет тұғырының бұрынғыдан да биік бола түсуі - сол таланаттарымыздың болашағымен біте қайнасатыны сөзсіз», - деді Ануар Жангозин.

Ол жастарымызды жасампаздыққа және өзін-өзі дамытуға бағыттайтын болсақ, онда Қазақстанның болашағы зор болатынына тоқталды.

«Елбасының «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» - деген сөзі бар. Жастардың елімізді қорғап, оны нығайта түсетініне, өздерінің бар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенім білдіретінін үнемі айтып келеді. Сондықтан,  Тұңғыш Президент  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Елбасы Медалі» жобасына қатысуға кең мүмкіндік бар. Бұл - жастарымыздың өз таланатын көрсетуге таптырмас бағдарлама деп білеміз», - деді ол.