03 Қазан, 2013

Атақты «Мистер Бин» ислам дінін қабылдады

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-10-13-mister bin-1

Көптен бері «Мистер Бин» деген бүркеншік атпен күллі әлемге танымал болып келе жатқан комик әртіс Роуэн Аткинсон ислам дінін қабылады. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлады.

Осыған байланысты 1 қазан күні Тунистің билік басындағы «әл-Наһда» («Жаңғыру») партиясының жетекшісі Рашид Ганнуши оның ізгі қадамына құтты болсын айтты. Ол өз құттықтауында жаңа діндесімізді Алланың ақ жолынан таймауға шақырып, тілектестігін білдірді.Бір айта кетерлігі, олар бұрыннан бір-бірімен таныс әрі кезінде сыйлас, қимас достар болған.

«Уикипедиядағы» мақалада айтылғандай, мистер Бин ислам дініне 2013 жылдың қазан айының 1-і күні өткен екен. Оның мұндай қадамға баруына адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жайлы түсірілген, әлем мұсылмандарының ашу-ызасына тиіп, намысын найзалаған фильмсымағы түрткі болған. Яғни, әлгі фильмдегі бұрмаланған дерекке, дәлірегі, жалаға сенбей, өзі ізденіп, ислам дінімізбен танысады. Ол осылайша Алланың ақ жолына түседі.

Ол бұрын да исламофобияға қарсы екенін талай рет дәлелдеп, мәлімдеме жасаған болатын

Мұрат Айтқожа.