Абай • 03 Маусым, 2020

Павлодарда «Абай трамвайы» жолға шықты

148 рет көрсетілді

Абай Құнанбайұлының суреті салынып, өлеңдері мен қара сөздері жазылған трамвай жүре бастады, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.


«Трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Муслим Махмудов трамвай вагоны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналғанын атап өтті.

1

-Биыл еліміз ұлы ақын, дана Абайдың 175 жылдығын тойлауда, - дейді Муслим Махмудов.

2

-Сондықтан біздің кәсіпорынымыз трамвайды бояп, оның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді, өсиет болатын сөздерін жазып жолға шығарды. Қала тұрғындары, әсіресе жастар білсін дедік. Жалпы біздің трамвайларды осылай бояп, түрлендіргеніміз тұрғындарға ұнайды. Жолаушылардан жақсы лебіздер, оң пікірлер естиміз.

7

Бүгін 5-ші айналмалы бағытта жолға шыққан «Абай трамвайының» жүретін бағыттары өзгеріп отырады. 1 жылдан астам уақытта барлық бағыттарда жүріп шығады. Бүгін алғаш рет жолаушыларды тасымалдауға шыққан трамвай ішінде жергілікті өнерпаздар Абай Құнанбайұлының әнін шырқап, күйін тартып, көпшіліктің көңілін көтерді. Трамвайға 6 жасар қызымен бірге отырған жолаушы Ақтоты Сариева вагонды көріп таң қалғанын айтты.

6

-Тарихи тұлғамыз Абайдың 175 жылдығын еске алып, осындай жұмыс жасап отырған трамвай басқармасына ризамыз, - деді Ақтоты Сариева.

78

– Кіргенде таң қалдым. Ішіндегі думан да өте әсерлі. Қызыма да ұнап жатыр. Абайдың күнделікті тұрғындардың көз алдында жүргені - құптарлық іс. Муслим Махмудовтың айтуынша, басқарма мұндай акцияларды тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Тамыз айында трамвай басқармасының 55 жылдығына орай мерейтойлық вагон жолға шығатын болады. Ол трамвайда кәсіпорынның тарихы баяндалмақ.

Соңғы жаңалықтар

COVID-19-дан барлығы 375 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 08:54

Жауапкершілік танытайық

Пікір • Бүгін, 07:35

Табиғатты аялауға үйретейік

Экология • Бүгін, 07:30

Отандық өндіріс көлемі артады

Медицина • Бүгін, 07:19

Атырауға жедел жәрдем керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Қарға адым жер мұң болған...

Қоғам • Бүгін, 06:40

Айя Софияда азан шақырылады

Руханият • Бүгін, 06:35

Салмағы 92 грамдық принтер

Технология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар