Бүгінде жүз мыңнан аса жастар шетелдік білім ордаларында оқып, таным көкжиегін кеңейтіп жатыр. Жаңа толқынның заманауи келбеті келешек білімді ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінде жаңаша ойлайтын әр елдің жастарымен үзеңгілес болып жүрген қазақ студенттерімен сұхбаттасқан едік.

ШВЕЙЦАРИЯ. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Швейцариядағы HTMI (Hotel and Tourism Management Institute Switzerland) магистранты, «QazAlliance» шетелдегі қазақстандықтар альянсы президентінің міндетін атқарушы Әлішер Әбдімәлікұлы былайша тебіренді:
– Рәміздер күні – мен үшін ерекше қастерлі әрі жоғары мәнге ие күндердің бірі. Бұл айтулы күнді атап өтуді 2012 жылы қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданында Мемлекеттік рәміздер шеруінен бастаған едік. Содан бері көзге ыстық, жүрекке жылы күндердің біріне айналды. Рәміздерге деген құрмет пен ерекше махаббат бойымызда бастауыш сыныптарда қалыптасты. Өйткені сол уақытта мемлекеттік рәміздердің авторлары кім, қашан ресми түрде белгіленді және рәміздердегі бейнелер нені білдіретіні туралы сыныптастарымызбен жарыса айтып, өзара сайысқа түсетінбіз. Бүгінде елдік нышандарымызды қадір тұтып, ерекше мән беруіміз – ұстаздарымыздың берген өнегесі мен бала санасына жеткізе білуінің арқасы. Ал шетелде жүріп, ел мен жерді, ұлттық дәстүр мен тағамдарды сағыну ерекше болатынына көзім жетті. Бірде Қазақстанның Швейцариядағы елшілігіне кіреберісте алтын күн мен алтын бүркітті құшағына алған Көк Туды көрген сәтте ерекше әсерге бөлендім. Отаныңа деген сүйіспеншілігің мен сағынышың желбіреп тұрған Көк Туыңды көргенде кеудеңе сыймай кететін тәрізді. Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің қолдауымен қазақ диаспорасының бірқатар кездесуін ұйымдастырып, өзге де айтулы мерекелерде қандастармен кездесіп тұрамыз. Әрбір кездесуімізде Көк Туымызды ортаға алып, суретке түсу дәстүрге айналды, – дейді Әлішер.
АҚШ. Күншығыс елінде білім алып, кейін Америка құрлығында оқуын жалғастырып жүрген Мұхаммед Әлімбетті талапты, ізденімпаз жас өрендердің бірі ретінде білдік.
– Өзімнің балалық шағымнан келе жатқан арманым АҚШ-та оқу болатын. Қытай елінде бакалавриатты бітіре салып, арман жетегімен Лос-Анджелес қаласындағы University of California-ға «extension» бағдарламасымен оқуға түстім. Əрине, туған жердің қадірін шетелде жүргенде жақсы түсінесің, кейде сағынғанда Әнұранды тыңдап сағынышымызды басамыз. Шетелде жүрген бауырларымыздың бір маңызды нышаны – ол еліміздің Көк Туы. Қайда барсақ та сол туды өзімізбен алып жүреміз. Тіпті өзімнің бөлмемде Көк Туымыз ілініп тұрады. Жақында Техастың Хьюстон қаласында қазақ бауырымыздың үйінде қонақта болдық. Бауырымыздың Қазақстанға бармағанына біраз болыпты. Сағынғаны соншалық менен туды сұрап алды. Содан сөмкемдегі үлкен бір туды сол бауырымызға табыстадым. Бұған дейін Америкада арнайы рǝміздер күні бар екені жайлы естімеген едім. «Flag day» деген бар, ол «ту күні» деп аударылады, бірақ та арнайы тойлағанын көргенім жоқ. Жалпы, Американың шекарасынан өткенде бұл елге арнайы рǝміздер күні керек емес екенін бірден түсінесің. Ұшақтан түскен бойы бірінші көретініңіз ол – Американың туы. Жалпы, ту мұнда барлық жерде – ǝуежайдан бастап жеке үйлердің қабырғаларында дейін ілулі тұрады. Тіпті көшедегі үй-жайы жоқ адамдар да өзімен бірге туды алып жүргенін көргенде қатты таңғалдым. Сол ту оларға бір күш, ертеңгі күнге сенім беріп тұрғандай, – дейді Мұхаммед.
ПОЛЬША. Сондай-ақ кәрі құрлықта да біліп алып жүрген ару қыздарымыз да бар. Нұрайым Тұртай Польшаның Варшава қаласындағы Vistula University-дің 4-курсында «Ағылшын филологиясын» оқып жатыр.
– Туған елде жүргенде аса мән бермеппін, ал шетелге шыққанда өз құндылықтарымызды терең түсіне бастайсың. Себебі Қазақстанда ол құндылықтар барлығы үшін ортақ және біз оны қалыпты деп қабылдаймыз. Алайда басқа елге барғаныңда өзіңнің оларға ұқсамайтыныңды, ағылшынша айтқанда «identity» дегенді түсіне бастайсың. Әсіресе, мульти-ұлтты елдерде саяхаттап жүргенде шыққан жеріңді, кім екеніңді тереңірек сезініп, бойыңды мақтаныш сезімі кернеп, оны басқа ұлттармен бөліскің де келіп тұрады. Өкінішке қарай, поляктардың өзі мемлекеттік мерекелерде ғана болмаса, туын сыртта іліп қою заңсыз деп танылады. Сондықтан Көк Туымызды балконда емес, бөлмемізге іліп қойғанбыз. Күнделікті жанымда болмаса да, елдерге саяхаттағанда алып жүремін. Мен оқитын жоғары оқу орнында да ілініп тұр және көп тудың арасында Көк Туымыз бірден көзге түседі деп айтсам болады. Қазірдің өзінде көптеген шетелдік достарым біздің туды көрсе, «Оh, Kazakhstan» деп бірден танып жатады. Ол рәміздеріміздің дизайны мен бейбітшілікті суреттейтін көк түстің символикасында жатқан секілді, – дейді Нұрайым.
Айым БОЛАТҚЫЗЫ
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар