04 Қазан, 2013

Зейнетақы жүйесін жаңғырту

343 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Осы мәселеде туындайтын кейбір сауалдарға жауаптар

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері қандай?

Мақсат – зейнетақы төлемдерінің ал­дыңғы табысқа және еліміздегі өмір сүру дең­гейіне сәйкестігін қамтамасыз ету.

Зейнетақымен қамсыздандыру жү­йе­­сінің қаржылық тұрақтылығын қам­тамасыз ету (зейнетақы жарналары есе­бінен қалыптастырылатын ағымдағы табыстар мен резервтердің, сондай-ақ бюджет қаражатының және өзге түсімдердің зейнетақы төлеу бойынша шығыстарға үнемі сәйкес келуі).

Жаңғырту зейнетақымен қамсыз­дандырудың көп деңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық дең­гейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты, жинақтаушы және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.

Осы мәселеде туындайтын кейбір сауалдарға жауаптар

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері қандай?

Мақсат – зейнетақы төлемдерінің ал­дыңғы табысқа және еліміздегі өмір сүру дең­гейіне сәйкестігін қамтамасыз ету.

Зейнетақымен қамсыздандыру жү­йе­­сінің қаржылық тұрақтылығын қам­тамасыз ету (зейнетақы жарналары есе­бінен қалыптастырылатын ағымдағы табыстар мен резервтердің, сондай-ақ бюджет қаражатының және өзге түсімдердің зейнетақы төлеу бойынша шығыстарға үнемі сәйкес келуі).

Жаңғырту зейнетақымен қамсыз­дандырудың көп деңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық дең­гейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты, жинақтаушы және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.

Алдағы өзгерістер тұрғындар мен зейнеткерлердің қандай топтарына бағытталатын болады?

Зейнетақымен қамсыздандыру мәсе­ле­лерінің ерекшелігі бүкіл және әрбір адамға қатысты болатындығында: бүгін­гі зейнеткерлерді де, зейнетке шығу құқығы үшін әлі еңбек сіңіретіндерге де, әйел­дер мен ер кісілерге; жұмыс істей­тіндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қа­тысты болады.

Осыған орай, алдағы өзгерістер мем­­лекет, жұмыс беруші және тікелей аза­маттардың арасында қарттық туын­даған кезде қажетті қамтамасыз етуге жауапкершілікті бөлуді көздейтін адам мүддесінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қашан ашылады және жұмыс істей бастайды?

2013 жылғы 3 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасында зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңы күшіне енді.

2013 жылғы 31 шілдеде «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ базасында акционерлік қоғам нысанында коммерциялық емес ұйым түрінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы» Үкіметтің № 747 қаулысы қабылданды.

Қазіргі кезде міндетті зейнетақы жар­­налары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қам­сыздандыру туралы шарт жасау, өзгер­ту немесе тоқтату тәртібін қамтитын БЖЗҚ зейнетақы қағидалары әзірленуде және БЖЗҚ мен зейнетақы жинақтары салымшыларының (алушыларының) құқық­тары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленеді.

Жеке зейнетақы қорларының салымшыларына олардың қаражатын БЖЗҚ-ға аудару үшін қандай да бір әре­кет жасаулары керек пе?

БЖЗҚ зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға берілген салымшылармен (алушылармен) жасалған барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады.

Ұлттық банк БЖЗҚ-ға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелерін беру қағидаларын әзірледі. Соған сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін беру-қабылдау кестесі және жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бекітіледі және бұл барынша жақын уа­қытта жүзеге асырылатын болады.

Осы кестені іске асыру үшін зейнетақы активтерін беру және міндеттемелері, оларды орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар жөніндегі іс-шаралар жос­пары, сондай-ақ БЖЗҚ-ға жинақтаушы зейнетақы қорлары беретін құжаттар мен ақпарат тізбесі жасалатын болады.

«Қазақстан Республикасында зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы» заң күшіне енген сәттен бастап, яғни биыл­ғы жылдың 3 шілдесінен БЖЗҚ-ға зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру аяқталғанға дейін:

1) салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру компанияларына зейнетақы жинақтарын аудару;

2) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына ауыстыру тоқтатылады.

Осылайша, міндетті зейнетақы жар­на­лары есебінен жинақтаушы зей­нет­ақы қорларымен зейнетақымен қам­сыз­дандыру туралы шарттары бар салым­шыларға БЖЗҚ-мен қосымша шарт жасасу жөнінде қандай да бір әрекет жасау талап етілмейді.

Жеке қорлар қамтамасыз ете алма­ған инвестициялық табыс­ты­лық­тың тиісті деңгейін БЖЗҚ қамта­масыз ете ала ма?

Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз активтерін жеткілікті түрде диверсификациялай алмады. Бүгінгі таңда зейнетақы активтерінің 87%-ы Қазақстанда, оның ішінде жартысына жуығы мемлекеттік құнды қағаздарға салған. Шетелдік активтер 9%-ды құрайды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер бойынша ЖЗҚ активтерінің кемінде 20%-ы мемлекеттік құнды қағаздарға салынуы керек болатын, ал шетелде активтердің 40%-ына дейін орналастыруға болады. ЖЗҚ тым сақтыққа барып, мемлекеттік құнды қағаздардағы жинақтарды Қазақ­станның ішінде ғана инвестициялады. Тәуе­келдің аз екені түсінікті, соған сәйкес та­­б­ыс­тылығы да төмен.

Осыған байланысты зейнетақы актив­терінің инвестициялық табыс­тылығын арттыру үшін мыналар іске асырылды.

Бірінші. Инвестициялық стратегияға сәйкес келетін мемлекетіне, активтердің класы мен валютасына қарай БЖЗҚ түрлі портфельдерін қалыптастыру бойын­ша ҚР Президентінің жанындағы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесті белгілеу шаралары қабылданатын болады.

Екінші. Ішкі, сыртқы инвестициялық портфельді басқарушылары қамтамасыз етуге тиісті зейнетақы активтерінің инвес­тициялық табыстылығының деңгейін Ұлт­тық банк айқындайтын болады. Бұл ретте инвестициялық портфельді басқа­ру­шы ұйымдар конкурстық негізде сайланады.

Қазір жұмыс істеп тұрған жинақ­тау­шы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) не істейді?

Қазіргі ЖЗҚ-лар:

- тиісті лицензиясы болған жағдайда зейнетақы активтерін басқару жөніндегі тендерлерге қатысуға құқығы бар (құнды қағаздар нарығы туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде) инвестициялық қызметті жүзеге асыратын компания, не

- азаматтардың ерікті зейнетақы жарналарын тартатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қор болып қайта құрылуы мүмкін.

Үшінші жол – бұл Қордың жабылуы.

Жинақтаушы зейнетақы қор­­ла­­рынан Бірыңғай жинақтаушы зей­­­нет­ақы қорына беру кезінде салым­шылардың зейнетақы жинақ­та­рының сақталуы қамтамасыз етіле ме?

Салымшылардың зейнетақы жинақ­тары БЖЗҚ-ға толық көлемде аударылады. Сондай-ақ әрбір салымшы ЖЗҚ хабардар етіп отырған зейнетақы жи­нақтарының көле­міне сәйкес өз зей­нетақы жарналары мен ин­вестициялық табыстарының сомасы туралы ақпаратты ала алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беріл­ген салымшылармен (алушылармен) жасалған барлық зейнетақымен қам­­­сыздандыру шарттары бойынша құ­қықтық мирасқор болып табылады.

Жеке ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін беру тәртібі жақын уақытта заңнамалық тұрғыдан регламенттеліп, жүзеге асырылады.

Міндетті зейнетақы жарналары, мін­­детті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттің зейнетақы жинақ­тарының сақталуы жөніндегі кепіл­дік сақталатын болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру салымшылардың зейнет­ақы жинақтарын бюджетке аударудың (мемлекеттің меншігіне алу) басы болып жүрмей ме?

Бюджетке зейнетақы жинақтарын беру (мемлекеттің иелігіне беру) азаматтардың өз жинақтарына меншікті құқығынан айырылуы дегенді білдіреді.

Мұндай шаралар 2008-2010 жылдары (әлемдік қаржылық дағдарыстың шиеленіскен кезі) бірқатар елдерде бюд­жеттік тапшылықты жою үшін қа­был­­данған болатын. Мысалы, Арген­тина және Венгрияда ЖЗҚ зейнетақы активтері толық мемлекет меншігіне өткен, ал Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдерінде міндетті зейнетақы жарналарының мөл­шерлемесі азайтылды. Мемлекеттің иелі­гіне өткен зей­нет­ақы активтері, сондай-ақ бюджет­ке салық түрінде түсетін міндетті зей­нет­ақы жарналарының бір бөлігі қо­сымша зейнетақы бағдарламаларын қар­жыландыруға /зейнетақы төлеуге жұмсалды.

Бұлармен салыстырғанда, құрылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жүйесі сақталады, онда жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ-дан аза­маттардың жеке жинақтары толық кө­лемде аударылады. Сол себепті де, бұл са­лым­шылардың зейнетақы жинақтарын мемлекеттің иелегіне беру дегенді білдір­мейді.    

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар қандай жәр­демақы алады?

Қазақстанның еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесінде:

1) еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға 9 айлық есептік көрсеткіш және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы;

2) белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз мөлшерінде берілетін базалық зейнетақы төлемі;

3) 63-58 жасқа жеткен және 1998 жыл­­ғы 1 қаңтарға еңбек өтілінің болуы кезінде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

4) қызметкерлер жалақысының 10 пайы­зы мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде берілетін жинақтаушы зейнетақы;

5) өз қызметкерлерінің пайдасына өзінің бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмыс берушілер төлейтін ерікті кәсіптік жарналардың есе­бінен берілетін зейнетақы;

6) белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жалпы еңбек қабілетін жоғалту жағдайына Мемлекеттік әлеу­меттік сақ­тан­дыру қорынан төленетін сақтандыру төлемдері;

7) еңбек жарақатынан және кәсіптік аурулар салдарынан еңбек қабілетін жоғалтқан кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері қамтылған.

Еңбек жағдайлары зиянды жұ­мыс­тарда істейтін адамдарды зей­нет­ақымен қам­сыз­дандыруды ұйым­дас­ты­рудың әлемдік тәжірибесі не дейді?

Әлемде пайдаланылатын арнайы режімдерді қамтитын зейнетақымен қам­сыздандырудың мемлекеттік жүйе­лері мынадай схемаларға бөлінеді: жекелеген, аралас, бірлескен.

I. Жекелеген жүйелер экономиканың жекелеген салалары қызметкерлерінің, не жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтарының дербес кәсіптік зейнетақы жүйелерінің жұмыс істеуін көздейді.

Дербес кәсіптік зейнетақы жүйесі саланың немесе кәсіптің ерекше шарттарына икемделген. Осы схемаға жататын қатысушылар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дербес кәсіптік зейнетақы схемаларында жүзеге асырады және жалпы схема бойынша міндетті зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Аталған жүйелерде зейнетақы төлемдері ынтымақты негізде жүзеге асырылады.

II. Аралас зейнетақы жүйелері жұмыс­пен қамтылған халықтың жекелеген топтары үшін арнайы ережелерді қамтитын жалпыға ортақ ұлттық мемлекеттік зейнетақы жүйесін білдіреді.

Қызметкерлер міндетті зейнетақы жарналарын жалпыұлттық зейнетақы жүйесінде жүзеге асырады, онда жар­на­лардың мөлшерлемесі еңбек жағ­дайларына қарай сараланады. Еңбек жағдайлары қалыпты жұмыста істей­тін қызметкерлердің жарналар мөл­шерлемесіне қарағанда еңбек жағ­дай­­лары зиянды жұмыста істейтін қыз­меткерлердің жарна мөлшерлемесі жоғары, бұл оларға зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік береді. Зейнетақы тө­лем­дері ынтымақты негізде жүзеге асырылады.

III. Бірлескен зейнетақы жүйелері жалпыға ортақ ұлттық зейнетақы жүйесін білдіреді, мұнда жұмыскерлердің жекелеген санаттары жүйеге теңдей қатысқан жағдайда зейнеткерлікке ерте шығу құқықтарына ие болуы мүмкін.

Жарна мөлшерлемесі жүйеге қа­­ты­­­сушылардың барлығы үшін бір­дей. Мем­лекеттік зейнетақы жүйесін қар­жыландыру зейнетақы жарналарының немесе жалпы салықтардың есебінен жүзеге асырылады.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарынан міндетті жарналарға өту жұмыс берушілер өнімінің өзіндік құнына әсері қалай болады?

Қолданыстағы заңнамада ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс берушілер салық жеңілдігіне ие. Салық кодексінің 110-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушілердің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зей­нетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген шектерде ұстап қалуға жатады.

Ұсынылып отырған өзгерістерде атал­ған нормалар сақталады, бұл жұмыс бе­рушіге жүктеменің көбеюіне алып келмеуге және өнімнің өзіндік құнына әсер етпеуге тиіс.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына өту және оларды төлеу тетігі қандай?

«Қазақстан Республикасында зей­нетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бұрынғы міндетті зейнетақы жарналары сақталған жағдайда, жұмыс беруші есебінен 5 пайыз мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көз­дел­ген. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.

Жаңа жүйе еңбек жағдайлары зиян­ды өндірістерде жұмыс істейтін қыз­меткерлерге ғана қолданылатын болады. Өндіріс түрлерінің тізбесін және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер кәсіптерінің тізімін Үкімет бекітеді және мерзім сайын қайта қаралып отырады.

Ұсынылып отырған қайта құрулардың нәтижесінде жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жар­наларына төленетін сома салық төлем­дерін жүзеге асырған кезде шеге­рімге жатқызылады.

Бірақ жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына жұм­сайтын шығындары ахуалына байла­нысты еңбек жағдайлары олардың жақ­саруын ынталандырып отырады.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды қай жылдан бастап жүзеге асыру жоспарлануда? Әйелдердің зей­нет­ақы жасын арттыру бір мезгілде не­месе кезең-кезеңмен жүргізіле ме?

Зейнеткерлік жасты арттыру «Қазақ­стан Республикасында зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы» Қа­зақстан Республикасы Заңының 11-ба­бының 1-тармағына сәйкес кезең-кезеңмен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл ішінде жүзеге асырылады.

Зейнеткерлік жасты біріздендіруде ең алдымен, ауылды жерлерде тұра­тын әйелдерге қиындау болады. Ауыл­дағы әйелдердің жай-күйі не бол­мақ? Олар зейнетке шығар алдында жи­нақтаушы зейнетақы жүйесімен қалай қамтылады?

Қолданыстағы заңнамада әйелдердің еңбек өтіліне жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толған уақыттан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт ескеріледі. Осы норма ұсынылып отырған заң жобасында да сақталған.

Осыған байланысты ауылда тұратын, жұмыс істемейтін және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын әйелдер зейнеткерлікке шығар кезде ең төмен мөлшері 12 жыл еңбек өтілін құрайтын еңбек зей­нетақысын, сондай-ақ базалық зейнетақы алуы мүмкін.

Статистика деректеріне сәйкес Қа­­зақ­­­станда әйелдердің зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері ерлерге қарағанда 25 % төмен. Әйелдердің зей­нетақы жинақтары мөлшерінің артта қалуының сыры неде?

Ынтымақты жүйенің аяқталып қа­­­луына байланысты Қазақстанның жи­нақтаушы зейнетақы жүйесінің ел азаматтарын зейнетақымен қамсыз­дандыруда рөлі маңызды болады.

Бүгінгі күні жеке зейнетақы шотта­рының жалпы санынан әйелдердің үлесіне 3,8 млн. теңге немесе 45 % ке­леді.

Әйелдердің зейнетақы жинақтарының артта қалуының екі себебі бар, олар:

1) жинақтауышы зейнетақы жүйесіне қатысудың кәсіптік өтілінің аздығы;

2) жыныстық белгілері бойынша еңбек­тегі жалақыдағы айырмашылық.

Соңғы 5 жылда экономика бойынша әйелдердің орташа айлық жалақы мөлшері ерлердің орташа айлық жалақы мөлшерінің 66-дан 68 %-ын құрайды.

Бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің зейнетақы шотына аударылатын қосымша міндетті аударымдар қалай жүзеге асады?

Зейнетақы жарналарының үздіксіз жүзеге асырылуын және зейнетақы жинақ­тары­ның мөлшері көбеюін қам­тамасыз ету үшін 2014 жылғы 1 қаң­тардан бастап бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің қосымша міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізіледі.

Осы мақсаттарға 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 2014 жылға – 8,8 млрд. теңге, 2015 жылға – 10,1 млрд. теңге, 2016 жылға 11,7 млрд. теңге көзделген.

Әлеуметтік төлемдерді алушылардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстан 10 % міндетті зей­нетақы жарналары мен әлеуметтік тө­лемдерден нақты ұсталатын міндетті зейнетақы жар­наларының айырмасын құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша әзірленді.