Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Павлодар облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмған

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сондай-ақ жол ережесін бұзғаны үшін 25 мың тұрғын жауапқа тартылды. Статистикаға сәйкес жол-көлік оқиғаларының басты себебі - жол ережесін сақтамау, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмған

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері өңірде 176 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 11 адам қайтыс болса, 262 адам жарақат алды.

Оның ішінде балалардың қатысуымен болған 35 жол-көлік оқиғасында бір бала қаза тауып, 38 бала жарақат алды.

- Қайғылы оқиғалар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің де жол қозғалысы ережелерін сақтамауы  және ұқыпсыздықтың салдарынан орын алды, - деді департаментте.

- Көп жағдайда жүргізушілер белгіленген жылдамдықты асырып, тыйым салынған бағдаршам түсіне қарамай қозғалысты жалғастырған. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде жол бермеуі және кейбір жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізген оқиғалары тіркелді. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен жаяу жүргіншілердің көпшілігі жол қауіпсіздігінің негізгі талаптарын ескермеген. Олардың басым бөлігі жолды қызыл шамға немесе белгіленбеген жерден асығыс кесіп өтпек болған. - Бүгінгі таңда жаяу жүргіншілердің жол-көлік оқиғалары туралы 66 фактісі тіркелді, - деді полиция департаментінде. - 5 адам қаза тауып, 64 адам жарақат алды.

Бұл ретте, халықтың ажырамас бөлігіне айналған смартфондар, GPS құрылғылары және басқа да электроникалар зиянын тигізуде. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қатысушыларына жол ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Жаяу жүргіншілерге қырағылықты ұмытпай, қараңғыда жарықтандыру элементтері бар киім киюге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше