04 Қазан, 2013

Ықпалды тетік

301 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жағдайында құқық қорғау заңнамасын жаңғырту және реформалау туралы

Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Н.Ә.На­­зар­баев бесінші ша­қы­рылған Қазақстан Рес­публикасы Пар­ла­менті­нің үшінші сессиясы ашы­луында сөйлеген сө­зінде Парламенттің жаңа­ сес­сиясының «Қазақ­стан-2050»­ Cтратегиясын іске асыру жағдайында басталып жат­қанын атап өткен болатын. Мемлекет басшысымен жария етіл­ген негізгі топтаманың бірі құқық қорғау заңнамасын жаңғырту және реформалау болып табылады.

Ел Президентінің «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы Жол­дауында жария етілген негіз­гі тап­сырмалардың біріұлт­тық құ­қықтық жүйені жаңғыр­ту­­дың ке­зекті кезеңі. Жаңа Қыл­мыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қыл­мыс­тық атқару және әкім­ші­лік құқық бұзушылықтар ту­ралы ко­декстерді қабылдау қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді сапалы реформалауды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жағдайында құқық қорғау заңнамасын жаңғырту және реформалау туралы

Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Н.Ә.На­­зар­баев бесінші ша­қы­рылған Қазақстан Рес­публикасы Пар­ла­менті­нің үшінші сессиясы ашы­луында сөйлеген сө­зінде Парламенттің жаңа­ сес­сиясының «Қазақ­стан-2050»­ Cтратегиясын іске асыру жағдайында басталып жат­қанын атап өткен болатын. Мемлекет басшысымен жария етіл­ген негізгі топтаманың бірі құқық қорғау заңнамасын жаңғырту және реформалау болып табылады.

Ел Президентінің «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы Жол­дауында жария етілген негіз­гі тап­сырмалардың біріұлт­тық құ­қықтық жүйені жаңғыр­ту­­дың ке­зекті кезеңі. Жаңа Қыл­мыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қыл­мыс­тық атқару және әкім­ші­лік құқық бұзушылықтар ту­ралы ко­декстерді қабылдау қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді сапалы реформалауды қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары құқық қор­­ғау органдары мен арнайы қызмет­тердің маңызды ре­формалары іске асырылды.­ Барлық күш құры­лымдары қызметкерлерін өз ауқымы бойынша теңдесі жоқ аттестаттау өткізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ақшалай қаражат және зейнетақы­мен қамсыздандыру өсті. Құқық қорғау органдары және арнайы қызметтер жұмысының құқықтық базасы үнемі жетілдіріліп тұрады.

Мәселен, соңғы 10 жылда Қылмыстық, Әкімшілік, Қылмыс­тық іс жүргізу кодекстеріне және қылмыстық жазалар жүйесі мен қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру, азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту, есірткінің заңсыз айналымы сала­сындағы жауапкершілікті күшейту, әскери қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту мәсе­лелері бойынша көптеген өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар құқық қорғау органдары жұмысының тәртібі мен әдістерін өзгертуге бағытталды.

Заңнамалық деңгейде азамат­тардың конституциялық құқық­та­ры мен бостандықтарын құ­қық қорғау жүйесін реформалау және соттар тәуелсіздігін ны­ғайту арқылы қорғалуын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері ше­шілді. 2011 жылы құқық қорғау қызметі туралы заң қабылданды. Сондай-ақ Президент ішкі істер органдары туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды, ол Парламент қарауына биыл түсуі тиіс.

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілді: медиация және сот актілерін жеке негізде орындау, қамауды соттық санкция­лау енгізілді. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер институты енгізілді. Жыл сайын соттардың мамандануы тереңдеуде.

Бүгінгі күнде Мемлекет басшысымен жария етілген келешек өзгерістердің жаңа басым­дықтары Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрініс тапты, онда заңнаманың барлық сала­ларын және соттық, құқық қор­ғау жүйелерінің құқық қол­дану қызметін қылмыстық сая­сат саласымен байланысты кешен­ді, өзара байланысты түзету қажет­тілігі атап өтілген.

Ол үшін қылмыстарды тез және толық ашу, бұл қылмыстар­ды жасаған тұлғаларды анық­тап, оларды қылмыстық жауапкерші­лікке тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды тиісті қол­дану мақсатында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын тиімді пайдалануды көздейтін оңтайлы құқықтық тетіктерді әзірлеу қажет.

Осылайша, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу ко­декстерін қабылдаудың мақ­саты теңдестірілген жүйе қа­лып­тастыру болуы тиіс. Бұл қо­ғамдық қауіпсіздік деңгейін арт­тыруға және қоғамдық қаты­настарды қылмыстық-құ­қық­тық қорғау тиімділігіне не­гізделеді; алғаш рет немесе әлеу­меттік әлсіз тұлғалармен жа­сал­ған қылмыстарға қатысты толеранттық тәсілді кеңейту; аса ауыр қылмыстарға, рецидив көріністеріне, ұйымдасқан қылмыстылыққа, экстремизм, терроризм, сыбайлас жемқорлыққа және әділ сотқа кедергі жасауға қылмыстық-құқықтық реакцияны күшейту; қылмыстар профилактикасын нығайту; бас бостандығын айыруға балама жазалардың неғұрлым кең қолданылуына алғышарттар жасау, оларды ұстауды жетілдіру.

Бұл жердегі маңызды міндет заңдылықты, адам құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, негізсіз айыптау мен соттаудан, бас бостандығынан заңсыз шектеуден қорғалуды қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін аза­маттардың құқықтары мен бос­тандықтарының кепілдіктер жүйесін күшейту, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, қылмыстық сот ісін жүргізудің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ, бұзылған құ­қықтар­ды қалпына келтіруге, әкімші­лік-құқықтық шаралар­ арқылы қоғамда құқықтық қақты­ғыс­тардың алдын алуға ба­ғыттал­ған оңтайлы құқықтық те­тіктерді әзірлеу қажет. Бұл рет­те әкімшілік-құқықтық санкция­ларды қалыптастыру кезінде олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен құқық бұзушылық сипатына сәйкестік қағидасы мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Сонымен бірге, соттар мен соттық емес инстанциялардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау бойынша өкілеттіктерін ажыратудың тұжырымдамасын әзірлеген жөн. Әкімшілік сот ісін жүргізуде тараптар бәсекелестігі қағидатын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қабылдау қажет.

Жаңа ӘҚБтК қарау кезінде әкімшілік-құқықтық және қыл­мыстық-құқықтық санкцияларды нақты ажырату қажет. Құқыққа қайшы әрекеттің жаңа түрін – қылмыстық теріс қылықты ен­гіз­ген жөн. Әкімшілік құқық теориясы көзқарасы тұрғысынан әкімшілік теріс қылық ретінде әкімшілік ережелерді, яғни жеке немесе заңды тұлғалар үшін олардың жария билік органдарымен қатынастарында белгіленген әкімшілік құқық нормаларын бұзу танылуы тиіс.

Жаңа кодекстердің негізгі мақсаты қолданыстағы қыл­мыс­тық, қылмыстық іс жүр­гізу, әкімшілік заңнаманың және құқық қолданушылық тәжі­рибенің маңызды өзекті мәсе­лелерді шешу болып табылатынына қарамастан, ұсынылатын жаңалықтар ойластырылған және ғылыми негізделген болуы тиіс.

Ең бастысы – қандай тартымды болып көрінуіне қарамастан, қылмыстық сот ісін жүргізудің шетелдік тәжірибесін салмақты пайдалану қажет, оны белгілі бір объективті факторларды есепке алмастан, қазақстандық құқықтық ортаға механикалық көшіру құқық қолданушылық тәжірибеге теріс ықпал етуі мүмкін. Ел­дің айрықша, әлеуметтік-экономи­калық мүмкіндіктеріне, ұлттық ерекшеліктеріне, құқықтық сана және құқықтық мәдениетке, ділдің дәстүрлілігіне байланыс­ты шет мемлекеттердің үлгісі бойынша ықпалды құрылым құру мүмкін емес. Осыған байланысты, Парламентке жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүр­гізу, Қылмыстық атқару ко­декстері мен Әкімшілік құқық бұ­зушылықтар туралы кодексті қабылдау бойынша Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ауқымды жұмыс жасау қажет.

Жаңа кодекстерді қабылдау арқасында отандық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қамтамасыз етуге қол жеткізуімізге болатынына сенімдімін. ЕҚЫҰ Қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру жөніндегі анықтамалығының көптеген ережелері кодекстер жобаларының нормаларында іске асырылған. Осылайша, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару кодекстері мен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс қылмыстылықпен күресудің ықпалды тетігіне айналуы тиіс.

Бұл ретте, Мемлекет басшы­сы қылмыстық құқықты ізгілендіру және қоғамда кез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзім­ділікті» қалыптастыру беталыстары арасында ортақ вектор құру қажеттілігін атап өтті. «Нөлдік төзімділік» тактикасы құқық бұзушыларға мемлекеттің кез келген тәртіпсіздіктердің жолын кесуге бел байлағанын көрсету үшін тіпті кішігірім құқық бұзушылықтар үшін қатаң жазаларды көздейді. Бұл қағидат қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда және қылмыстылықпен күресу­де ма­ңызды қадамға айналуы тиіс. Алайда, бұл ретте, әрбір қазақ­стандық кішігірім құқық бұзушылықтарға жол беріп, оған көз жұмуға болмайтынын ұғынуы керек.

Бүгінгі таңда жаңа сын-қа­тер­лер жағдайында маңызды мін­деттердің бірі ретінде қоғамның ұйым­дасуын жетілдіруге, заң­дылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстылықтың алдын алуға белсенді жәрдемдесуді, оны туғызатын себептерді жоюды есептеген жөн. Құқық қол­данушылық тәжірибе мен заңнаманы талдау қылмыстардың алдын алуға жағдай жасайтын нормалар құқықтың барлық салалары мен сала тармақтарында көрініс тапқандығы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, қылмыстардың алдын алуға қатысы бар ережелер белгіленбеген құқық саласы жоқ деуге болады. Қылмыстылық серпінді және бейімді құбылыс болып табылады, бұл ретте, себепті кешенді зерттеу тұрақты және жүйелі болуы тиіс.

Бүгін қабылданып жатқан «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» Заңның ережелерін орындау жөніндегі шаралар болжалды оң нәтижелер­ге алып келмейтіндігін атап өт­кен жөн. Осыған байланыс­ты, бүгінгі күнде құқық бұзушылық­тардың профилактикасы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеген жөн. Шетелдерде өзін өзі қорғауға, жедел-профилак­ти­калық мәні бар ақпарат үшін сыйақы ұсынуға, қылмыстардың профилактикасы жөніндегі ке­ңестерді радио және теледидар арқылы таратуға бағыт алу арқылы қоғамдастықпен жұмыс жүргізу кеңінен қолданылуда, ал азаматтардың құқықтық тәртіпті нығайтуға қатысуы құқық бұ­зушылықтар санын азайтуға мүмкіндік берді.

Тәжірибе көрсетіп отыр­ған­дай, заңнамалық деңгейде шешілуі тиіс кейбір проблемалық мәселелер бар. Мәселен, «Құқық бұзу­шылықтар профилактика­сы туралы» Заңмен профилактика­лық бақылауға жататын тұлғалар тізімі бекітілген. Алайда, оған бұрын сотталғандар категория­сы енбеген, дәл осы тұлғалар ре­цидивті қылмыстылыққа теріс ықпалын тигізеді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайына дейін бақылаудың жүйесі жетілдіруді талап етеді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды еңбек және тұрмыстық орналастыру мәселесі өзекті, себебі ол рецидивті қылмыстылықпен тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, ресоциализациялау, жүйесін құ­қық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі шара ретінде дамыту қажет. Бүгінгі күнде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Заң бар қылмыстық-атқару инспекция­лары шеңберінде шағын топты тек шартты сотталған тұлға­лар үшін құрумен шектелді. Ресоциализациялаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру үшін шетелдік тәжірибені есепке ала отырып пробацияның толымды қызметін құру қажет. Пробация біздің елімізде сотқа дейінгі сатыларды да, постпенитенциярлық кезеңді де қамтитын еді.

Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар, болашақта жергілікті өзін-өзі басқару органдары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды ресоциализациялауға неғұрлым тиімді қатысулары тиіс.

Сондай-ақ, кәмелетке тол­маған­дар арасында құқық бұзу­шылықтар санының және қылмыстылықтың өсу мәселесі тұр. Балалар мен жасөспірімдер отбасы, мектеп, қоғамдастық тарапынан күшейтілген әлеуметтік бақылауды талап етеді, себебі осы жаста тұлға қалыптасуы орын алады. «Қиын балалардың» жеке педагогикалы амалын таба білу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар және қылмыстар профилактикасына елеулі үлес қосады.

«Қазақстан-2050» Страте­гия­сында Мемлекет басшысымен қойылған жаңа сын-қатерлер мен міндеттерді есепке ала отырып, профилактиканың жаңа тәсілдерін енгізудің қажеттілігі туды. Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың жаңа үлгісіне интеграцияланған құқық бұзушылықтар профилактика­сының мемлекеттік салааралық бағдарламасын әзірлеуді көз­дейтін қылмыстылықпен күре­судің өзге стратегиясы қажет.

Қылмыстылықтың алдын­ алудың міндеттерін шеше отырып, мемлекет және қоғам құ­қық­тық сана, идеология және адамгершілік құндылықтармен байланысты әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізеді. Мұның бәрі мемлекет беделін арттырады, құқықтық нигилизмнің деңгейін төмендетеді және демократиялық қоғамның одан әрі дамуына септігін тигізетінін атап өткім келеді. Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында ел Президентінің сөзінде атап өтілген жоғарыдағы міндеттерді іске асыру республиканың ұлттық мүдделерін және заңдылық тәртібін, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды одан әрі дамытуға, Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Өз кезегінде Парламент Үкі­метпен бірлесе отырып, оң ха­лықаралық тәжірибені пайдалану арқылы қазақстандық инс­титуционалды-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл ретте, барлық мемлекеттік органдардың, аза­маттық қоғам өкілдерінің, әр­бір қазақстандықтың өзара әре­кеттестігі Мемлекет басшысы­мен алға қойылған жоғары мақсат­тарға жетуге алып келуі тиіс.

Біздің жұмысымызды қара­пайым азаматтар бағалайтын болады. Әрбір адам қауіпсіздік атмосферасында өмір сүріп, оның тыныштығы, құқықтары мен бостандықтары нық қорғалуына сенімді болған кезде ғана қыл­мыстық және әкімшілік әділетті реформалау саласындағы жетіс­тік­тер жайлы айтуға болады.

Серік АҚЫЛБАЙ,

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар