Спорт • 04 Маусым, 2020

Ханчжоудағы Азия Ойындарының ұйымдастыру комитетіне еріктілер қажет

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті 2021 жылдың жазында еріктілерді жинауға кіріседі, деп хабарлады Olympic.kz.

Ханчжоудағы Азия Ойындарының ұйымдастыру комитетіне еріктілер қажет

Үміткерлерді іріктеу Азия ойындарының ресми сайтында, WeChat және Weibo аккаунттарында онлайн режимде жүргізіледі. Еріктілер Қытайдың әртүрлі қаласына тағайындалады, сонымен қатар, үміткерлер арнайы оқытылатын болады. Оларға қойылатын басты талап – 18 жастан жоғары және ағылшын немесе қытай тілдерінде еркін сөйлеуі тиіс. Біліктілігін арттырған еріктілер Азиадада қызмет көрсетудің негізгі базасымен танысады.

Азия ойындары 2022 жылдың 10-25 қыркүйегі арасында өтеді деп жоспарланған. Ал паралимпиада ойындары 9-15 қазан арасында өтуі тиіс.