04 Қазан, 2013

Байлығын айтпа, бағасын айт!

372 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қостанайда биыл бірінші рет күзгі жәрмеңке өткізілді. Жәр­меңкенің ажары мен молшы­лығын тек көзбен көрген ләзім. Қаланың орталық атшаптырым алаңында сатушы мен алушыдан ине шаншар орын жоқ. Қарбыздың да, қозының да пісетін уақыты. Диқан да, шаруа да, омарташы да жаздайғы еңбегінің жемісін осында алып келді. Биылғы күздің алғашқы жәрмеңкесі болғандықтан Қостанай қала­лық әкімдігі, облыстық ауыл­шаруашылық басқармасы оның сән-салтанатына да үлкен мән беріпті.

Қостанайда биыл бірінші рет күзгі жәрмеңке өткізілді. Жәр­меңкенің ажары мен молшы­лығын тек көзбен көрген ләзім. Қаланың орталық атшаптырым алаңында сатушы мен алушыдан ине шаншар орын жоқ. Қарбыздың да, қозының да пісетін уақыты. Диқан да, шаруа да, омарташы да жаздайғы еңбегінің жемісін осында алып келді. Биылғы күздің алғашқы жәрмеңкесі болғандықтан Қостанай қала­лық әкімдігі, облыстық ауыл­шаруашылық басқармасы оның сән-салтанатына да үлкен мән беріпті.

Қала маңындағы саяжай иелерін де жәрмеңкеге келіп өнімдерін сатуға, осы көрмені ұйымдастыру ісіне атсалысуға шақырдық. Сая­жайда көкөністен бастап сирек кездесетін жидек, гүл, жеміске дейін өсіреді. Соның барлығын да қалалықтар көрмеден қызықтай алады, дейді Қостанай қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Байбосын Мұрзин. Дегенмен, жәрмеңкені байытқан негізінен облыстың 14 ауданы мен қалаларынан келген ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер болып табылады. Олар қалалықтарға осы жолы 140 тонна түрлі азық-түлік әкелді. Оның ішінде 70 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна ет, 162 мың дана жұмыртқа жәрмеңке молшылығын жасады. Жәрмеңкенің сәні мен байлығы өз алдына, оның бағасы далалық пен қалалықты бірдей қуантты. Онда ірі қара етінің килограмы 800-900 теңгеден сатылды. Ал оны базардан 1200 теңгеден аласың. Жаздың жаңбырлы болуынан көк шөп белуардан келіп, шабындықта малдың жоны ғана көрініп жатты. Шөпке семірген мал етінің ажары қандай, бірі ет, бірі май! Ет сататын сөрелерге қалалықтар кезекке тұрып, аз уақыттың ішінде еттің түр-түрін пышақ үстінен бөліп әкетті. Мұндай баға тек алушыны ғана мес, сатушыны да қуантты.

–Жаздай баққан малды күзде сатып пұл етпесең, оның пайдасынан зияны артып кетеді. Ауылға келетін делдал саудагерлер еттің килограмын 500-600 теңгеден алады. Бейнетіңе қарағанда бұл су тегін емес пе, амалсыздан бересің кейде. Ал мен бір қашарымды жәрмеңкеге сойып әкеліп едім, міне, екі сағаттың ішінде 130 мың теңге қалтамда тұр. Килограмын 900 теңгеден бердім, қанағат осыған, – дейді Әулиекөл ауданындағы Қосағал ауылының тұрғыны Мәулен Нұрманов.

Жәрмеңкеде картоп 30-35 теңгеден сатылды. Қалалықтар дүкендерден он данасын 200 теңгеден алатын жұмыртқа мұнда – 140-150, сәбіз бен қызылшаның килограмы 44 теңгеден асқан жоқ, қырыққабық 28 теңгеден сатылды.

– Биыл картоптың жылы болған тәрізді. Бұл дақылдың түсімі өте жақсы, оның бағасына қалалықтар риза. Енді 30 теңгеден арзан болса, оны өсірген диқанның еңбегіне обал болады деп ойлаймыз. Мұнан артық қандай арзан баға болады?! –дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Оразғали Нұрғазин.

Жәрмеңкені аралаған облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов сөредегі ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын ерекше сұрады. Ол Қос­­танай облысында өсірілген күз байлығынан өзге, сырттан әке­лінген күріш, жеміс-жидек сөре­лерінің қасына да тоқтады. Әкім сатушыларға егер тауарларды базар бағасымен сатса келесіде олар үшін жәрмеңкеге жол жабық екенін, оларды базардың бағасынан 10 пайыз арзан сату керектігін айтты. Жәрмеңкедегі барлық өнімнің бағасы базардан кемінде 20 пайызға арзан. Олардың қатарында күріш пен жеміс-жидек те бар. Күріштің килограмы базар мен дүкендерде 200 теңге болса, жәрмеңкеде оны қалалықтар 128 теңгеден алды. Ал алманың килограмы 200 теңгеден артқан жоқ.

Енді жәрмеңке облыс орта­лығында айына екі рет өтіп тұрады. Ондағы бағаны, алушы мен сатушының өтініш-тілектерін, арыз-шағымдарын арнайы құрылған штаб реттеп отырады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар