04 Қазан, 2013

Еңбекшілдердің екінші құс фабрикасы

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауданда құны 2 миллиард теңгені құрайтын құс фабрикасының құрылысы басталды.

Ауданда құны 2 миллиард теңгені құрайтын құс фабрикасының құрылысы басталды.

Бұл үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасына еніп отырған осындай екінші жоба. Бірінші құс фабрикасы 2008 жылы іске қосылған болатын. Содан бері кәсіпорын жылына 150 миллион дана жұмыртқа өндіріп келеді. Қазір мұнда 140 адам жұ­мыспен қамтылған. Фа­бри­кадағы барлық жұмыс жүйесі автоматтандырылған, қол күшін көп қажет етпейді.

Серіктестік директорының орынбасары Сабыр Ақмұр­заевтың айтуынша, голландиялық технологиямен жабдықталған кәсіпорында жем сапасын қа­да­ғалайтын екі зертхана бар. Сондай-ақ, шығарылған өнімнің сапасын анықтайтын ве­тери­нарлық зертхана да тұрақты жұ­мыс істеп тұр.

Жаңа жоба іске қосылғаннан кейін ауданда жұмыртқа өндіру екі есе артатын болады.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Еңбекшілдер ауданы.

Соңғы жаңалықтар