04 Қазан, 2013

12 мың адам жұмыс істемек

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендегі «Азия-Авто» зауытының екінші тынысы ашылды. Мұның алдында да ақпарат құралдары өкілдері жақын арада құны 62,4 миллиард теңгені құрайтын толық циклды өндіріс орнының құрылысы басталатынынан хабардар еткен болатын. Оның жобасы республиканың индустрияландыру картасына еніп, Елбасының назарында тұрғаны белгілі.

Сонымен зауыт құрылысы басталды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев арнайы тапсырма беріп, құрылыс алаңына 306 гектар жер телімі бөлінді. Биыл 600 миллион теңгенің құрылыс-монтаж жұ­мыстары атқарылмақ. 18 қыр­­күйекте Үкімет басшысы Се­рік Ахметовтің қатысуымен елі­міздегі автомобиль өндірісін дамыту жөнінде алқалы жиын өтті. Бізге нақты тапсырма берілді. Зауыт құрылысын мерзімінде аяқтау, отандық өндірісті же­тілдіру оңай шаруа емес. Мақсат белгілі – Қазақстанда шы­ғарылатын зауыт өнімдері сапалы болуы тиіс, оны көрші мемлекеттерге саудалауды тиімді ұйымдастырғанда ғана, табыс биігінен көріне аламыз, деді «Азия-Авто-Қазақстан» компаниясының президенті Ер­жан Мандиев.

Өңір басшысы Б.Сапарбаев сонымен бірге, Семейдегі «СемАЗ» автобус зауыты шығаратын кө­ліктерді қазақстандық кәсіп­орын­дардың қолдауы, мекемелер мен ұйымдардың сатып алу мәселесі де шешілгенін телге тиек етті. Шынында да, шеттен тасығаннан гөрі өз көлігімізге қолдау көр­сетудің тиімді жақтары көп екені әркімге белгілі болса керек.

Алдын ала есептеу бойынша, зауыт толық қуатында іске қосылғанда кәсіпорында 12 мың адам жұмысқа тартылмақ. 2017 жылы бюджетке – 15,1, ал 2022 жылы 21,5 миллиард теңге қаржы түсуі тиіс деп белгіленді. Аталмыш жобаға әлемдегі белгілі «Рено-Ниссан-Автоваз» компаниясының қатысуы да отандық көліктің бола­шағын айқындап бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.