Осы аптадан бастап вирус анықталғанымен ауру белгілері болмаған науқастар үй карантинінде болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Коронавирус пандемиясына қарсы шаралар» тақырыбында өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Ең алдымен Е.Біртанов коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайға тоқталды. «Бүгінгі күні елімізде коронавиурс инфекциясын 12124 адам жұқтырды. Оларың 77%-ы – симптомсыз науқастар. Соған қарамастан барлық тіркелген азаматтарға толық медициналық диагностикалық көмек мемлекет тарапынан тегін беріледі. Ем халықаралық әріптестермен ақылдасқан ғылыми жұмыстарға негізделген клиникалық протокол арқылы жүргізіледі. Бұл протоколды еліміздің ең белгілі ғалымдары әзірлеп, бекіткен. Эпидемия басталғаннан бері 8 редакциядан өтті. Сол ем-домның нәтижесінде 52% (6288) науқас жазылып шықты. Ал 5836 пациент бақылауда», деді ол.
Еліміздің бас дәрігері жақында ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде елімізде коронавирусқа қарсы шаралардың тактикасы өзгергенін жеткізді. «Жаңа тактика халықаралық стандарттарға да сай келеді. Ол – симптомсыз науқастарды ауруханаларға жатқызбай, үй карантиніне алу. Олар жергілікті емханалардағы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Қазіргі уақытқа дейін сондай жеңіл деңгейдегі науқастар инфекциялық ауруханаларда жатыр. Осы аптадан бастап осы протоколды енгіздік. Қазір стационарда жатқан 5836 науқастың 59-ының (1%) хәлі нашар. 600-дей (10%) пациенттің жағдайы орташа деңгейде. Тағы 10%-ының ауруы жеңіл болса, 78%-ы (4500 адам) – симптомсыз», деді Е.Біртанов.
Кейбір осындай ауру белгілері еш байқалмаған науқастардың ауруханаға жатудан бас тартып жатқанын айтқан министр: «Мұны дұрыс түсіну керек. Ол инфекцияны басқаларға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан олардың ауруханада немесе үйде өз-өзін оқшаулауы өте маңызды», деді.
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар