04 Қазан, 2013

«Амангелді Газ» көгілдір отын көлемін арттыруда

643 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

 

«ҚазТрансГаз» компаниясының еншілес ұйымы – «Амангелді Газ» ЖШС еліміздің оңтүстік өңіріндегі өзекті мәселе, газға деген тапшылықты жоя отырып, миллиардтық белесті бағындыруда. Мәселен, 2007 жылдың 7 қыркүйегінде алғашқы рет 1 млрд. текше метр газ өндірсе, екінші рет 2010 жылдың 28 шілдесінде және үшінші рет 2013 жылдың 24 тамызында биік асулар алынды.

Осы орайда, соңғы толымды жетістік аталған кәсіпорынның он жылдығына тұспа-тұс келді. Жұмыстағы қол жеткізілген табысты қадамдар мен жаңа жоспарлар жайлы және де газ саласында ықтимал алдағы уақыттағы өзгерістер турасында ҚТГ бас директоры Серік СҰЛТАНҒАЛИ әңгімелеп берді.

«ҚазТрансГаз» компаниясының еншілес ұйымы – «Амангелді Газ» ЖШС еліміздің оңтүстік өңіріндегі өзекті мәселе, газға деген тапшылықты жоя отырып, миллиардтық белесті бағындыруда. Мәселен, 2007 жылдың 7 қыркүйегінде алғашқы рет 1 млрд. текше метр газ өндірсе, екінші рет 2010 жылдың 28 шілдесінде және үшінші рет 2013 жылдың 24 тамызында биік асулар алынды.

Осы орайда, соңғы толымды жетістік аталған кәсіпорынның он жылдығына тұспа-тұс келді. Жұмыстағы қол жеткізілген табысты қадамдар мен жаңа жоспарлар жайлы және де газ саласында ықтимал алдағы уақыттағы өзгерістер турасында ҚТГ бас директоры Серік СҰЛТАНҒАЛИ әңгімелеп берді.

– Серік Сұлтанғали, үсті­міздегі жылы екі елеулі оқи­ға қуантқаны белгілі. Ол – «Амангелді» кен орны­ның қолданысқа енгізілуінің мерейтойы және 3 миллиардтық белес­тің бағынуы. Бізді де қызық­тыратыны сол, он жыл бұрын ком­панияларыңыз қандай меже­лерді мақсат тұтып еді? Жалпы алғанда нәтижелерге көңіліңіз тола ма?

– Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың тап­сырмасы аясында, «Қаз­Транс­Газ» (ҚТГ) компаниясы елі­міз­дің оңтүстігінде орналасқан ірі газ-конденсатты «Аман­гелді» кен орнын пайдаланымға беру бойынша өзіндік теңдессіз жо­баны іске қосты. Теңдессіз дей­тініміз, геоло­гиялық сипатының күрделілігі бойынша Қазақстан аумағында оған балама жоқ. Қызметінің барлық мезгілінде «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы – «Амангелді Газ» ЖШС Жамбыл облысындағы көмір­сутекті шикізатты кен қойнау­ларын барлау, өндіру және зер­де­леу істерімен айналысатын жалғыз кәсіпорын болып қалуда. «Амангелдідегі» өзіндік өндіру әрекеті Қазақстанның Өзбек­станнан импорт көлемін айтар­лықтай азайтуына септігін тигізді. Өзіңіз білетіндей, бұл жеткізілімдер тұрақсыздық танытып қана қоймай, күн суытқан райда Өзбекстан Қазақстанға газ беруді бірден шектеп отырды. Мұндай ахуал аймақтағы өнеркәсіпті дамытуға қатты кедергі болып, әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуде көптеген түйткілдерді тудырды.

«Амангелді» кен орнында жұ­мыс­ты бастамас бұрын, пайдаланым ұңғы­маларын бұрғылау, кен қой­­нау­­ла­ры нысандарын және 193 шақы­рым­ға созылған «Амангелді» – КС-5 магис­тральдық газ торабының құры­лысын салу бойынша ауыр жұмыстар атқа­рылды. 2003 жылдың қазан айында 5 өндіруші ұңғыманы, магис­тральдық газ құбырын, газды дайындау жөніндегі орталық қон­дырғыны пайдалануға енгізу­мен қоса, I-ші іске қосу кешені аяқталып, Амангелді кен қойнауы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайда­ланымға енгізілді. Жамбыл облы­сының тұрғындарына арзан газ беру басталды.

«Амангелді Газ» өндіріс іс-қи­мыл­дарына кіріскен 2003 жылы 20 млн. текше метр табиғи газ және 3 мың тоннаға жуық конденсат өндірілді.

Салыстыра кетсек, 2012 жылдан бастап барлығы 2 470,667 млн. текше метр көгілдір отын және 200 294,6 тонна газ конденсаты өндірілген. Осылайша, 2003 жылдың 23 қазанында тұсауы кесілген Амангелді кен қойна­уында өндірілген газ жылына 1,5 млрд. текше метр газ төңірегіндегі көлем­ді тұтынатын Қазақстанның оңтүс­тігіндегі газ тапшылығын төмендетті.

– Алғашқы миллиардтық белес­тен қашан өттіңіздер?

– Бұл оқиға 2007 жылдың жетінші қыркүйегінде орын алып, екінші белес­тен 2010 жылдың 28 шілдесінде өттік. Ал үшіншісін еске алсақ, үш жылдан кейін жүзеге асыпты. Жыл аяғына дейін 321 млн. 200 текше метр газ бен 20 мың 500 тонна газ конденсатын өндіруді алдыға мақсат ретінде қойып отырмыз.

Амангелді тобының жаңа кен қойнауларын қолданысқа енгізу жұмыстары толыққанды қаржы­лан­ды­рылған жағдайда және қабаттық қысымды қолдау, жаңа пайдаланылым ұңғымаларын іске қосу жөніндегі іс-шаралар орындалғанда, жыл сайынғы газ өндіру 2017 жылға қарай, шамамен 400-500 млн. текше метрді құрайды.

Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млн. долларды құрады. Жобаны жүзеге асыруды бастау үшін республикалық бюджет қаржысы тартылды. Дегенмен, Амангелді кен қой­науларын одан әрі игеру «Қаз­Транс­Газ» АҚ қаражаты есебінен жүргізілді.

– Бүгінгі тыныс-тіршілікке орал­сақ, аталмыш кен қойна­уын­да қандай жұмыстар жүр­гізілуде?

– Баршаға мәлім, қазіргі уақытта «Амангелді» кен қойнауында 26 ұңғы­ма пайдаланылуда, тағы бір ұңғы­ма­ны бұр­ғылау үстіндеміз. Оны ағым­дағы жылдың қараша айында қолда­ныс­қа тапсырмақпыз. Сондай-ақ, бола­­шағы зор жаңа «Қосқұдық» және «Сұл­тан­құ­­дық» құрылымдарында бұр­ғылау бо­йын­ша дайындық шаруа­ла­ры­ның басы қа­йырылуда. Бұл ауқым­ды сейс­ми­ка­лық барлау істері­нің нәти­же­сінде кө­мір­сутекті шикізат қорла­ры анық­талды.

2013 жылы «Амангелді Газ» ЖШС Айрақты кен орнындағы №8 баға­лау ұңғымасын салу бойынша жұмыстар бас­тау алды және де осы жылы қорларды қайта есептеуді аяқтау жоспарлануда. Үстіміздегі жылы серіктестік «Жарқұм кен қойнауын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасын» іске асырды. Ол жерде қазір «Амангелді-Жарқұм» газ құбырын салуға байланысты жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Анабай» кен қойнауында көмірсутекті шикізат қорларын есептеуде қажетті әрекеттер қолға алынуда.

– «Амангелдіде» өндірілетін көгіл­дір отын сапасына қатысты не айтасыз?

– Компания шығаратын өнім сапасын кен қойнауында орналасқан аккредиттелген зертхана бақылайды. Оның дерегіне жүгінсек, амангелділік газдың құнарлығы импортталатын газдың құнарлығынан 5-10%-ға жоғары. «ҚазТрансГаз» өз жеткізілімдерінің се­нім­ділігін қамтамасыз етуге баса кө­ңіл бөледі. Сондықтан, ЖШС газ бен конденсат өндіру бойынша бекіткен жос­пар тұрақты түрде орындалуда және де шығарылатын өнім сапасы барлық техникалық талаптарға сай келуде.

– Байқауымша, кен қойна­уын пайдалануда экология мәсе­лесіне айрықша назар аудары­ла­тын сияқ­ты. Сіздердің компания­ла­рыңыз бұл жерде қандай көзқараста?

– Еңбекті қорғау, айналадағы қоршаған ортаны аялау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі салаларындағы «Амангелді Газ» ЖШС негізгі міндеттері келесідей: өндірістегі апат­тық жағдайларды азайту, жазатайым жағдайлардың алдын алу, қоршаған ортаға теріс ықпалды төмендету.

Айтпақшы, газды пайдаға жарату бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, 2009 жылдың желтоқсан айында «Амангелдіде» жобалық өнімділігі жылына 4,38 млн. текше метр болатын, сұйы­тылған пропан-бутанды қоспа алынатын, шырақты газды (УПГ 4/38) пайдаға асыру бойынша қондырғы қолданысқа енгізілді.

Бұдан бөлек, кен қойнауында тоқсан сайын тұрақты көздерден, ағынды сулардан, бақылау ұңғымаларынан және топырақтан ауаға таралатын ластаушы заттар қалдықтарына сараптамалық бақылау жүргізіледі.

– Компания өзінде еңбек ететін қызметкерлердің арқасында елеулі табыстарға қол жеткізетіні белгілі. «Амангелді Газ» ЖШС еңбеккерлері үшін қандай жағдай жасалған?

– Компанияның өндірістік ұжымы, тек кәсіпорынның апатсыз жұмысын қамтамасыз ететін және қысылтаяң сәттерде тығырықтан құтқаруға дайын қазақстандық білікті мамандардан тұратынын атап өткім келеді. Он жылдағы еңбек көрігі қайнаған қызу жұмыста ел аумағындағы жаңа газ кен қойнауларын игеру мен пайдалануға ұлттық кадр құрамының атсалысуына жан-жақты әлеует қарастырылды. Жаңа жұмыс орындары құры­лып, жергілікті халықтың білік­тілігі көтеріліп, ортақ іске жұмыл­дырылды. Қазіргі уақытта аман­гелділік кен қойнауын пайдалану бойынша Жамбыл облысының тұрғындарынан тұратын 200-ден астам маман тартылды.

Ұжымға қамқорлық таныту бағы­­­тын­­да, кен қойнауларындағы ауысыммен жұмыс істейтін еңбеккерлердің күн­делікті қауырт қимылы мен жайлы тынығуына көп назар аударудамыз. Ауысымдық қалашықта қажетті дүние­лермен жабдықталған тұрғын жай­лар, асхана, медициналық пункт, кір жуатын орын, қоймалар, мәдени-спорттық кешен, арнайы техникаға жылы ғимарат, қазандық және өзге де қалыпты тұрмысқа қажет нысандар қарастырылған.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар