Елорда • 04 Маусым, 2020

Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай авто-мото шеру өтті

678 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі жалғасып келе жатқан іс-шара ерекше форматта өтті. Таңертеңнен бастап қала көшелерінде 28 автокөлік, 28 мотоцикл жүріп, 28 шақырым қашықтықты бағындырды. Кейін Есіл өзеніндегі катер де 28 шақырымды бағындырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай авто-мото шеру өтті

Ауқымды іс-шараға 28 саны кездейсоқ алынбаған: дәл 28 жыл бұрын Қазақстанда Ұлттық рәміздер: Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба бекітілді.

«Бүгін кешке дейін созылатын іс-шараға жүзден астам қала тұрғыны мен еріктілер қатысуда. Бұдан басқа, бүгін біз Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін Мәңгілік алауға 75 гүл шоғын қойып, Жеңістің 75 жылдығын атап өтпекшіміз», – дейді «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

1

Іс-шараны ұйымдастыруға қалалық штаб еріктілері белсенді қатысты.

«Біз бұл шараны ұйымдастыруға көмек көрсетіп, оған белсенді қатысып жатырмыз. Бұл өте қызықты шара, оған қала тұрғындары, әсіресе жастар белсене қатысады», – дейді ерікті Мадина Нұрланқызы.
7697
1