Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Nur Otan партиясы қостанайлық боксшыларға қолдау көрсетті

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының облыстық филиалы Алматы қаласында өтетін спорттық жиынға қатыса алмай отырған жергілікті боксшыларға қаржылай көмек көрсетті. 

Nur Otan партиясы қостанайлық боксшыларға қолдау көрсетті

Жергілікті спортшыларға қолдау көрсету біздің парызымыз. Бүгін бізге әйелдер боксы бойынша Азия чемпионы Надежда Рябецтің жаттықтырушысы Р. Миничкин жиынға қатысуға бару үшін қаржылай көмек көрсету туралы өтінішпен келді. Жергілікті спортшыларды қашанда қолдаймыз, мүмкіндігінше қол ұшын созуға даярмыз. Надежда Рябец –болашағынан зор үміт күттіретін боксшымыз. Сондықтан өтінішті аяқсыз қалдыра алмадық», - облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Алатау баурайындағы спорттық жиынға Қостанай облысынан Надежда Рябец пен Владислава Кухта барады. Надежда Рябец Токио олимпиадасына лицензия жеңіп алған бірден-бір қостанайлық боксшы екенін айта кеткен жөн.

 

 

Қостанай облысы