04 Қазан, 2013

Ұйым конференциясына қатысты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доха қаласында (Катар) Ұлттық құқық қорғау мекемелері Азия Тынық мұхиты форумының (АТФ) шақыруы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров аталған ұйымның жыл сайынғы конференция­сына қатысты.

АТФ ірі өңірлік бірлестік болып табылады, оның мақсаты – өңірде адам құқықтарын ілгерілету және халықаралық ынтымақтастық, оқыту, тәжірибе мен ресурстарды тарату арқылы мүше-мемлекеттерде ұлттық құқық қорғау институттарын дамытуға көмектесу.

Қазақстандық Омбудсмен АТФ өкілдерімен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ, құқық қорғау сипатындағы мәселелердің кең ауқымын, атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау тетігін дамыту, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар, мемлекеттік басқару сапасын жақсарту мәселелерін талқылап, бірқатар шетелдік әріптестерімен кездесті.

Өткен келіссөздер қорытындысы бойынша таяу уақытта қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесін осы өңірлік бірлестікке қабылдау туралы ресми түрде жарияланады, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар