04 Қазан, 2013

Өзара қызығушылық танытылған сапар

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Оңтүстік Америка бойынша жалғасып жатқан турнесі шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Буэнос-Айрес қаласында болды. Бұл Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Аргентинаға алғашқы ресми сапары болып табылады деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Америка бойынша жалғасып жатқан турнесі шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Буэнос-Айрес қаласында болды. Бұл Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Аргентинаға алғашқы ресми сапары болып табылады деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан тарапының Ар­гентинаға деген қызығушы­лығы кездейсоқ емес. Аргентина аймақтағы ірі экономиканың бірі және Бразилиямен қатар G-20 тобына кіреді. Елде алдыңғы қатарлы технологиялармен түрлі салаларды қамтамасыз ететін қолданбалы ғылым белсенді дамуда: атом өнеркәсібі мен ғарыштан бастап, энергетика және ауыл шаруашылығы салалары жақсы табыстарымен танылып отыр.

Осы мәселелердің барлығы Е.Ыдырысовтың Аргентинаның іскер топтарымен кездесуінің басты тақырыбына айналды. Жал­пы, бұл кездесу министр са­парының бағдарламасын ашқан еді. Табиғи газды қайта өңдеу жө­ніндегі технологиялармен алмасу мүмкіндігі, сонымен қатар, басқа да мұнай-газ саласындағы ын­ты­мақтастық мәселелері Ар­ген­ти­наның YPF ұлттық компа­ния­сының басшылығымен кездесу аясында талқыға салынды. Ұлттық саланың мүддесін көз­дейтін Аргентина мұнай кеңесінің өкілдері өз кезектерін­де Қазақстанмен жаһандық дең­гей­де ынтымақтасуға қызы­ғушылық танытты.

Аргентина ет өндіру ассо­циа­циясының өкілдерімен өткен кездесу екіжақты ынты­мақ­тастықтың айтарлықтай әлеуетін айқындады. Аргентина сиыр етін өндіру бойынша әлемде көшбасшылар қатарында және олардың ауыл шаруашылығын зерттеу ұйымдары осы саладағы өздерінің жаңа ғылыми зерт­теу­лерімен қа­зақстандық әріп­тестерімен бө­лісуге дайын.

Екіжақты қарым-қатынастың барлық қырлары, сондай-ақ,­­ жаһандық мәселелер Е.Ыды­ры­­сов­тың аргентиналық әріп­тесі Хектор Тимерманмен кез­десуі барысында жан-жақ­ты сөз болды. Тараптар даму басымдықтарының ұқсасты­ғын, халықаралық си­пат­тағы мә­селелер бойынша көзқарастар мен ұстанымдардың жақындығын атап өтті. Сонымен қатар, министрлер саяси кеңестер­ді іске қосу механизмі туралы және ресми делегацияларды визалық талаптардан босату туралы келі­сімдерге қол қоя отырып, екі­жақты ынтымақтастықты бел­сенділендіруге келісті. Қа­зақ­стандық министрдің шақы­руы­мен Х.Тимерман 2014 жылы Ас­танаға келеді деп күтіліп отыр.

Қазақстандық министр елдің­ Парламентінде де жылы қабылданды, онда Е.Ыдыры­сов Сенат спикері – елдің Ви­це-президенті Хорхе Домин­гес­пен және депутаттар па­лата­сының төрағасы Амаду Будумен келіссөздер жүргізді. Аргентинаның заң шығарушы органында екі елдің парламенттері арасында тығыз байланыс орнатуға мүдделілік танытылып, парламентшілер сапарларымен алмасуға қызығушылық білдірілді.

Аргентина тарабы Қазақ­станға аймақтық көшбасшы және жаһандық деңгейдегі жауапкершілігі мол мемлекет ретінде қызығушылық танытатындарын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар