Аталған дода ұйымдастырылған жағдайда көрермендерсіз өтетіні мәлім болды. Сонымен қатар спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қатысушыларға арнайы чартерлік рейстер тағайындалуы мүмкін. Қатысушылардың барлығы жарыс алдында COVID-19 вирусына тест тапсырады. Сондай-ақ жарыста төрелік ететін төрешілер мен матчта қызмет көрсететін болбой саны қысқартылады. Тағы бір ескеретін жайт, жарыс ұйымдастырылған жағдайда форматы өзгеруі мүмкін.