Саясат • 05 Маусым, 2020

Әр елдің өз даму жолы болады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында Ресей мен Беларусь сияқты одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ екенін ашық айтты. Сөз жоқ, халық бұл пікірге қолдау білдірді.

Әр елдің өз даму жолы болады

Сонымен қатар бұл сұхбатта елі­міздің ішкі және сыртқы экономи­калық-саяси жағдайы жан-жақты айтылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде әр елдің өзіндік даму жолы болады. Бірақ оған кейбір сыртқы күштердің қандай да бір кері ықпалы болуы мүмкін. Сұхбаттың маңыздылығы да сонда. Біз біртұтас тәуелсіз мемлекетпіз.

Бұдан бөлек, Президент Еура­зиялық экономикалық одақтың әлеуетін экономикалық одақ ретін­де күшейтуге мүдделі екенін атап өтті. Бұл ұйым Қазақстанның эко­номи­калық тұрғыдан дамуына мүмкіндік беруі тиіс. Осы ретте, аталған ұйым­ның органы болып табылатын Еура­зиялық экономикалық комиссия бар. Онда Одақ қабылдайтын жобалар қаралады. Бұл комиссияда біз­дің тараптың мүддесін қорғайтын аз­а­маттардың жауапкершілігі, отанға деген сүйіспеншілігі, ел экономикасына деген көзқарасы дұрыс болуға тиіс.

Жалпы, Одақ аясында эконо­ми­калық әріптестіктің орнауы қалыпты құбылыс. Ендеше, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін артты­рып, көрші елдермен бәсекелес бола алатындай деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндік қарастырылған. Осы ретте, сырттан қарыз алуды әдетке айналдырмай, өз ішкі қаржылық әлеуетімізді тиімді пайдалануға тиіспіз.

 

Нұртай САБИЛЬЯНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты