«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кезектен тыс ХYІІІ конференциясына қатысқан делегаттар назарына «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолдары мен жаңа Саяси доктринаның жобасы ұсынылып, ол жан-жақты талқылауға ұласты.
Онда республикалық саяси ұйымның өңірлік филиалының төрағасы, аймақ басшысы Самат Ескендіров баяндама жасап, жиналғандарды алда тұрған нақты міндеттермен таныстырды.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кезектен тыс ХYІІІ конференциясына қатысқан делегаттар назарына «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолдары мен жаңа Саяси доктринаның жобасы ұсынылып, ол жан-жақты талқылауға ұласты.
Онда республикалық саяси ұйымның өңірлік филиалының төрағасы, аймақ басшысы Самат Ескендіров баяндама жасап, жиналғандарды алда тұрған нақты міндеттермен таныстырды.
Ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды және әрі солай бола бермек» деген сөздері жергілікті партия ұйымдарының ұйымдық-партиялық, идеологиялық жұмыстарының негізгі арқауына айналды, дей келіп, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылғанын, 21 мыңға жуық адам жұмысқа орналасуға көмек алғанын, кедейшілік деңгейі 2,5 пайызды құрағанын көлденең тартты. Индустрияландыру картасына 43 миллиард теңге көлемінде 31 жоба еніп, 26-сы жүзеге асты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Мұның өзі 4 мыңнан астам жұмыс орнын сақтауға және қосымша 900 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Баяндамашы, сонымен қатар, негізгі капиталға қомақты қаражат бағыттайтын басым салаларды санамалап, инвестициялау мен технологиялық трансферт үшін қолайлы аймақ қалыптастырудың маңызын айрықша атады. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытында табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесін енгізуді тиісті орындарға тапсырды. Партияның ұзақ мерзімге арналған бағдарламасы болып табылатын Саяси доктрина нұротандықтар алдына жоғары талаптар қоя отырып, жаңа жұмыс істеуге жетелейтінін жеткізді.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді талқылауға партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Әлім Шүкенов, Петропавл қаласындағы бірінші жалпы білім беру лицейінің директоры Елена Коноплева, М. Жұмабаев ауданындағы Полудин ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Мәдениет Қалиев, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сайран Хамзин, «Жас Отан» ЖҚ мүшесі, СҚМУ студенті Елена Сафронова қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Конференцияға Парламент Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі Анатолий Башмаков қатысып, сөз сөйледі.
Республикалық саяси ұйымның кезектен тыс ХV съезіне өңірден 62 делегат сайланды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.