Қазақстанның үздік 48 ұстазының әрқайсысына 1,7 млн. теңгеден сыйақы тапсырылды. Кеше Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында осыған арналған салтанат болып өтті.
Алматыда 2014 жылы 1 мың мұғалімнің жалақысына үстеме қосылады. Бұл туралы кеше қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. «Бұл үшін келесі жылдың бюджетінде 650 миллион теңге қарастырылып отыр», деді ол.
Қазақстанның үздік 48 ұстазының әрқайсысына 1,7 млн. теңгеден сыйақы тапсырылды. Кеше Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында осыған арналған салтанат болып өтті.
Алматыда 2014 жылы 1 мың мұғалімнің жалақысына үстеме қосылады. Бұл туралы кеше қала әкімі Ахметжан
Өскемен қаласы жылыту маусымына көшті. Мұнда техникалық жағынан дайын көп қабатты үйлерге жылу беріле бастады. Жалпы, жылу жүйелеріне қосу жұмыстары биыл 2-11 қазан аралығында жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ресей орденімен марапатталды. Кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников «Достық» деп аталатын осы награданы Асқар Мырзахметовке арнайы келіп табыс етті. Қызылорда облысының әкімдігі тірек елді мекендер жайын талқылады. Осыған арналған алқа отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта 2014 жылы мұндай ауылдардың саны артуы керек екенін айтты.
Павлодарда мүгедектер арнайы автобустармен жүретін болды. Осыған орай, облыс әкімі Ерлан Арын кеше «Павлодар автокомбинаты» кәсіпорнына жаңа автобустардың кілттерін салтанатты түрде табыс етті.
Қапшағай су қоймасына 180 мыңнан астам биылғы шабақтар жіберілді. Олардың арасында уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында өсірілген тұқы, дөңмаңдай және ақ амур сынды су маржандарының ұрпақтары бар.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.