Спорт • 05 Маусым, 2020

Токио-2020 олимпиадасы келер жылы өтуі мүмкін

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жалауын көтеретін Токио-2020 жазғы ойындар олимпиадасы әлемді  жайлаған коронавирусқа байланысты бір жылға шегерілген болатын. Екі апта бұрын ХОК егерде індеттің етек алуы осылай жалғаса берсе, Олимпиада ойындары күн тәртібінен түбегейлі алынып тасталуы да мүмкін екендігі жайлы мәлім еткен еді.

Токио-2020 олимпиадасы келер жылы өтуі мүмкін

Бірақ дайындық шараларын жасап қойған Жапония үкіметі 4 жылда бір дүркін өтетін спорт тойын кейінге қалдыруды қаламайды. Сол себепті, олар Олимпиада ойындарын ерекше жағдайда, яғни қысқартылған спорттық бағдарламалар сайысы түрінде өткізудің жолын қарастарып жатыр. Бұл туралы аталған елдің үкіметі екі күн бұрын мәлім етті.

Егерде Олимпиада қысқартылған спорттық бағдарлар арқылы өткен жағдайда, көрермендер санына да шектеу қойылып, жазғы ойындар тойы мен паралимпиаданың ашылу салтанаты бұрынғыдай аста-төк болмайды.

Сонымен қатар Олимпиадаға қатысушы спортшылар, жанкүйерлер, дәрігерлер, ұйымдастыру ісі және ойындар өтетін қалашық қызметкерлері түгелдей дерлік коронавирустық тексеруден өткізіледі.

Жоғарыда айтылған шараларды ХОК қабылдаған жағдайда Токио-2020 жазғы XXXII олимпиада тойының ашылу салтанаты  2021 жылдың 23 шілдесіне жоспарланып отырған көрінеді.