04 Қазан, 2013

Біліктілікті арттырудың бүгінгі байламы

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Астана және Алматы қалалары мен облыстық әкімдіктер аппараттарының басшылары үшін «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары басталды.

Семинар үш күнге созылады.

Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Астана және Алматы қалалары мен облыстық әкімдіктер аппараттарының басшылары үшін «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары басталды.

Семинар үш күнге созылады.Оның мақсаты тыңдаушылардың жобаларды басқару бойынша құзыреттерін дамыту, мем­ле­кеттік органдардағы ішкі аудиттің негізгі аспектілерімен таныстыру, көшбасшылық дағдыларды жетілдіру, қақтығыстану са­ла­­сын­­дағы білімді кеңейту, сондай-ақ, әлеуметтік қақтығыс­тар­дың алдын алу мен шешуге атсалысу болып табылады.

Семинардың ашылу рәсімін­де Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов, Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов сөз алып, жиынның мақсаты мен мәнін түсіндірді. Семинардың бағдарламасы блок-модуль қағидаты бойынша құрастырылған екен. Оны әзірлеуге Еуропалық Одақтың сарапшылары қатысқан.

Семинардың бірінші күні «Policy Advisory Group» сарапшылары интерактивті тренинг өткізді. Онда жобаларды басқарудағы бас­ты дағдылар нақты мысалдармен көрсетілді.

Ал бүгін, екінші күні әлемдегі жетекші мамандардың бірі - Шпайер Академиясынан доктор Джулия Флейшер (ГФР) мемлекеттік органдарда ішкі аудитті жүргізудің әдіснамасы мен еуропалық тәжірибесі туралы айтып береді. Біздің елімізде қазіргі уақытта осы проблема бойынша нормативтік құқықтық база әзірленіп жатқанын атап өту керек.

Қорытынды күні ENA-ның танымал сарапшысы (Франция Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі) Пьер Жевар әлеуметтік шиеленістерді басқаруға бас­ты назар аудара отырып, көшбасшылықты қалыптастыру бойынша тренинг өткізеді. Бұл шараның барысында әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мен шешу шаралары қарастырылады деп күтіліп отыр.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».