04 Қазан, 2013

Дамудың даңғыл жолында

422 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев өзінің 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел алдында таяуда­ғы он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стра­тегиялық міндетін қойды.

Қыркүйекте жарияланған беделді Дү­ние­жүзілік экономика­лық форумының 2012-2013 жыл­дар­ға арналған Жаһандық бә­се­кеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБИ) қорытындыларына сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы өзінің позициясын өткен жыл­мен салыстырғанда 1 тармаққа жақсартып, 50-орынды иеленді (2012-2013 рейтингте – 51 орын), 2011 жылдан бастап – 22 тармақта (2011-2012 – 72 орын).

2013 жылғы рейтингте ба­ға­ла­натын мемлекеттер саны 148-ге дейін ұлғайды (өткен жылы – 144). ДЭФ ЖБҚИ 114 көрсеткіштен саналады, олардың ішінде 80-ні орта және ірі кәсіпорындар басшыларының сауалнамасы, ал қалғандары статистикалық деректер негізінде саналады. Экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасқан әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайтын 12 фактор бар.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау әдіснама­сына қатысты рейтингке қатысатын барлық елдер экономикасының даму сатылары бойынша бөлінеді. Жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі елдерді бөлу критерийі болып табылады. Сонымен бірге, минералды ресурстарға тәуелділігі жоғары елдер үшін, сондай-ақ, соңғы бес жылдағы экспорттың (тауарлар мен қызметтердің) жалпы құры­лымындағы шикізат экспортының үлесі бойынша анықталатын екінші критерий қолданылады.

Осылайша, Қазақстан тиімді дамудың екін­ші сатысынан инновациялық да­му­дың ең жоғары үшінші сатысына өтпелі по­зи­циядағы елдер тобына орналасты. Бұл соңғы бес жылдағы елдің шикізат экспорты үлесінің 70% белгіленген деңгейге төмендетуіне, сондай-ақ жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейінің артуына байланысты болды. 2012 жылғы жан басына шаққандағы ІЖӨ бұрынғы жылмен салыстырғанда, 6,7%-ға өсіп, 12,1 мың ­АҚШ долларын құрады.

ДЭФ сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік басымдылықтары макроэкономикалық орта – 23-орын (7 позицияға төмендеу) және еңбек нарығының тиімділігі – 15-орын (4 позицияға ұлғаю) болып табылады. Алдыңғы жылғы ІЖӨ-нің өсуі 5%-ды құрады, ІЖӨ деңгейі 2011 жылғы 188,1 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 203,5 млрд. АҚШ долларына өсті, Қазақстан жұмыссыздық деңгейін 2011 жылғы 5,4%-дан 2012 жылы 5,3%-ға дейін төмендетті.

Ауруға шалдығу және малярияның экономикалық шығындары (1 орын), еңбекақы төлеу және өнімділік (9 орын), инвесторлар құқықтарын қорғау (10 орын), мобильдік байланыс абоненттерінің саны (10 орын), мемлекеттік артықшылық/тапшылық (13 орын), мемлекеттік борыш (14 орын) сияқты Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жоғары бағаланған. Осылайша, мемлекеттік бюджетін тапшылығы 3% ғана құрады, 2012 жылы мобильдік байланыс абоненттерінің саны 1000 адамға 1800,6 абонент құрап, 2011 жылмен салыстырғанда, 18%-ға ұлғайды.

Қазақстан денсаулық сақтау және орта білім беруде – 97 орында (5 позицияға төмен­деу), барынша әлсіз позицияларда қалып отыр. Бірақ мемлекеттік органдар жүргізіп отырған жұмыстың арқасында Қазақстан рейтингінің төмен позицияларында елеулі жақсарулар байқалады. Осылай, «инновациялар» факторы бойынша республика 84-орынға дейін, 19 позицияға, «қаржы нарығының дамуы» – 103-орынға дейін 12 позицияға, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі бойынша 94-орынға дейін, яғни 5 позицияға көтерілді.

Бұдан дейінгі сияқты, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдің ондығында еуропалық елдер басым тұр (Швейцария, Финляндия, Германия, Швеция, Нидерланды және Ұлыбритания). Азия елдерінен бәсекеге барынша қабілетті елдің бірінші ондығына Сингапур (2 орын), Гонконг (7 орын) және Жапония (9 орын) кірді. АҚШ ДЭФ ЖБИ рейтингте 5-орын иеленді.

Посткеңестік кеңістік мемлекеттерінің арасында Әзербайжан – 39, Ресей – 64, Грузия – 72, Армения – 79, Украина – 84, Молдова – 89 және Қырғызстан 121-орында (Tүркіменстан және Өзбекстан ДЭФ ЖБИ рейтинге қатыспайды).

2012 жылы Мемлекет басшысы ел алдына жаңа мақсат – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену міндетін қойды.

Қазіргі кезде Қазақстан Ernst & Young бағалауы бойынша соңғы 15 жылда әлемнің ең ырғақты дамушы елінің бестігіне кіреді. Соңғы онжылдықта ел ІЖӨ-ні екі есе көбейтіп, 2012 жылы 203,5 млрд. долларға жетті, 10 жыл ішінде жан басына шаққандағы номиналдық табыс 6,2 есеге өсті. Бизнес жүргізудің жеңілдігі «Doing Business» рейтингінде соңғы 5 жыл ішінде республика 80-нен 49-орынға орналасты.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен барлық қазақстандықтардың атқарған жұмыстарын ескере отырып, Қазақстан дамудың елеулі қарқынын пайдалана алады және одан әрі өсу үшін және жүз жылдықтың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін берік іргетас құра алады деп сеніммен айтуға болады.

Дилрух ШӘРІПОВ,

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті стратегиялық даму басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар