Науқастар бұрын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға скрининг жасау барысында анықталған.
Пациенттердің басым көпшілігі, нақты айтқанда 33 адам Қарағанды қаласынан. Бесеуі – Теміртаудан, төртеуі Саран қаласының тұрғыны. Сондай-ақ, ауырғандар арасында Бұқар жырау ауданынан екі және Абай ауданынан төрт адам бар.
Дәрігерлер ауырғандардың денсаулық жағдайының қанағаттанарлық екенін айтады. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілген.
КВИ дертінен қайтыс болған науқас туралы айтар болсақ, ол Қарағандының 62 жастағы тұрғыны. Провизорлық госпитальға ыстығы 38,7 градусқа дейін көтеріліп, ентігу, жөтел, әлсіздік және тәбеттің, дәм мен иіс сезудің төмендеуіне шағымданғандықтан жатқызылыпты. Ауыр дәрежедегі COVID-19 індетінің белгісі расталғаннан кейін және екі жақты пневмония анықталған соң, инфекциялық ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлер коронавирустың науқастың бойында ауыр асқынулар, оның ішінде тыныс алу және полиорган жетіспеушілігін тудырғанын айтады. Сондай-ақ, пациентте ауыр дәрежедегі ІІ типті қант диабеті, артериялық гипертензия және басқа да қосалқы аурулар болған екен. Өкінішке қарай, дәрігерлердің қолданған емдеу әрекеттеріне қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады.
Соңғы түскен мәліметтерге жүгінсек, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1072 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 379 адам індетті жеңіп шықса, бес науқас аталған аурудан көз жұмды.
Қарағанды облысы