- Полиция қызметкерлері үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау маңызды. Митингке қатысушылар тарапынан түрлі құқық бұзушылықтарға жол берілмеуі қажет, іс-шаралар заң нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс, - деді Н. Исмағұлов.
Қоғамдық тәртіп бұзылмаса және азаматтардың тыныштығына кедергі келтірмесе, митингтерге жол беріледі. Бейбіт жиналысты өткізу үшін ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органға өтініш беруі қажет. Мұндай бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі тиіс.
- Митингке қатысушыларға халықты Конституция мен заңдарды бұзуға шақыруға, жаппай тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа үндеуге, алауыздық отын тұтатуға, билікті басып алуға шақыруға, көліктің немесе азаматтардың қозғалысына кедергі жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтіруге, киіз үйлер мен шатырлар орнатуға болмайды. Митингке қатысушыларға өзімен суық қаруға және алкогольді ішімдіктер алып жүруге тыйым салынады,- деді Н.Исмағұлов.
Бас полицейдің айтуынша, қазірше облыста карантин режімі әлі сақталады. Сондықтан бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге рұқсат берілмейді.
Президент таяуда ғана қол қойған жаңа заң 6 маусымнан бастап күшіне енеді.
Қостанай облысы