Парламент • 05 Маусым, 2020

Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сенат Төрағасы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған Палатаның жұмысына тоқталып, Мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар