04 Қазан, 2013

Ас ішуге... Бакуге барады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудың олигархтары күн сайын Бакудің ресторандарынан кешкі ас ішіп қайту үшін Әзер­байжанның астанасына ұшып баратын көрінеді. Ал сенбі және жек­сенбі күндері Грузияға ұшады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин мәлімдеді.

«Менің шұғыл түрде Ақтауға ұшуыма тура келді. Сонда әуе ком­паниясының қызметкерлері ол жаққа бір апта бойы билеттің бола қоймайтынын айтты. Себебі, Ақтаудағы үлкен «Боинг» ұшағы күн сайын арнайы Бакуге ұшады екен. Ал сенбі және жексенбі күн­дері жергілікті тұрғындар Грузияға барып қайтатынға ұқсайды», – дейді Мәжіліс депутаты.

Депутат осыған орай Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевке: «Астана мен облыс орталықтары арасында әуе рейстері жетіспей жатқанда, шетелдерге ұшақтар күн сайын қатынайтыны қалай?» деген мазмұнда өзінің ренішін білдірді.

Мұрат Айтқожа.