Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтті

621 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өткізді. Бұл Қазақстандағы ерекше мейрамдардың бірі болғандықтан қала тұрғындары үшін бұл күннің маңызы айрықша.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтті

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Осыған байланысты енгізілген шектеу шараларын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған  мерекелік концерті жоғары деңгейде өтті!

Филормония ұжымдарының халық әні бөлімінен әнші, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Жақсыгелді Маясаровтың орындауында  Қапез Байғабылұлының әні «Меркі» (Қапездің туған жерге деген сүйіспеншілікпен бірге, өз өмірінің кезеңдеріне қысқаша тоқталып баға беретін, сазгер қарапайым қара өлеңнің ерекшеліктерін күрделендіредіретін әні) және халық әні бөлімінен әнші, «Шабыт» фестивалінің лауреаты Әйгерім Нартүйееваның орындауында Жетісу өңірінің табиғатына, әсемділігіне арнап шығарылған «Жер сұлуы-Жетісу» (сөзі: Әбен Дәуренбекке, әні: Дәнеш Рақышевтың) әні, эстрадалық және классикалық вокал бөлімінен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Рүстем Жүгінісовтің орындауында ел тәуелсіздін насихаттайтын «Тәуелсіз елім» (әні: Данияр Отаршинов, сөзі: Ардақ Елеусіз) әні,  эстрада жұлдызы Достың орындауында  90-ж Тәуелсіздік алған тұста  қазақ жастарын қолдау мақсатында дүниеге келген «Қазағым» (әні:Өктем Алтаев, сөзі: Ибрагим Иса) әні, эстрадалық және классикалық вокал бөлімінен Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Алтынбек Әбілданың орындауында (Гимн), Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадиннің орындауында С.Абдінұровтың әніне жазылған кең-байтақ қазақ даласына деген сүйіспеншілікті білдіретін «О далам» және  су бетіндегі әсем табиғаттың көрінісі, махаббатың символы болған аққулар бейнесі сипатталаған «Аралдан ұшқан аққулар» (әні: С.Бәйтереков, сөзі: Ш.Сариев) әндерін, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әкімхан Мәженовтың  қазақтың көз тоймас әсем даласындағы әрбір табиғи байлық, рухани құндылығы сипатталған «Байтақ елім» әндерінен әсем музыкалық сәлем жолдады!