Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Маңғыстауда экологтар күні аталып өтілді

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Экологтар және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты елдегі жағдайды ескере отырып, аймақтардағы ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық бөлімшелер «Zoom» платформасы арқылы қосылған болатын, деп хабарлайды Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда экологтар күні аталып өтілді

Шара кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, жоғары кәсіби қасиеттері мен еліміздің табиғи байлықтарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіруге қосқан жеке үлесі, жаңашылдық пен бастамашылық, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен Маңғыстау облысы экология департаментінің зертханалық талдамалы бақылау бөлімінің бас маманы Төлепова Раушан Дәулетқалиқызы марапатталды.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов, өз ұжымдастарына табиғи таза ортада өмір сүруді қамтамасыз етіп отырған қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, отбасыларына береке тіледі.

 

 

Маңғыстау облысы