- «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында министрлік еліміздің киелі жерлерінің бірыңғай белдеуін – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын құру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Осы арқылы киелі жерлеріміз жоғары ұлттық және халықаралық қызығушылық нысандарына айналдыруға болады. Қазақстанның барлық рухани құндылықтарын, бірегей тарихи орындар мен табиғи ескерткіштерді толық бір жүйеге келтіру бойынша атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде жалпыұлттық маңызы бар – 256 объект және жергілікті маңызы бар – 575 нысан қалыптастырылды. Киелі нысандарды толық визуализациялау qazmaps.kz виртуалды карта платформасында қол жетімді, - деді Ақтоты Райымқұлова.
Сондай-ақ ол жыл соңына дейін «Киелі Қазақстан» энциклопедиясының төртінші томының тұсаукесерін өткізу жоспарда бар екенін айтты.
- Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарына арналған шығыстар биылғы жылы 3,5 есеге ұлғайды. Осының нәтижесінде жұмыс көлемі ұлғайып, кешенді және нәтижеге бағытталған жұмыстар қамтамасыз етілді, - деді министр.