
Мақтаарал – құтты мекен, қасиетті жер. 350 мыңдай халқы бар бұл ауданда 60 ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік көшін жалғастырып жатыр. Мұнда тәжік, өзбек, славян, әзербайжан, корей ұлттық мәдени орталықтары бар. Олар ұлтаралық татулықты нығайтуда, халқымыздың рухани қазынасын молайтуда белсенділік танытып келеді. «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» деген, аудан халқының арасындағы татулық, ынтымақтастық, бірлік – барлық игі
істердің бастауы.
Мақтаарал – құтты мекен, қасиетті жер. 350 мыңдай халқы бар бұл ауданда 60 ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік көшін жалғастырып жатыр. Мұнда тәжік, өзбек, славян, әзербайжан, корей ұлттық мәдени орталықтары бар. Олар ұлтаралық татулықты нығайтуда, халқымыздың рухани қазынасын молайтуда белсенділік танытып келеді. «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» деген, аудан халқының арасындағы татулық, ынтымақтастық, бірлік – барлық игі
істердің бастауы.
Аудан халқының негізгі күнкөрісі – мақта өсіру. Үстіміздегі жылы ауданда 137,0 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде мақта алқабының көлемі 94,0 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда мақта жинау науқаны қызу жүргізілуде. Өткен жылы жинап алынған 264,8 мың тонна мақта шикізатының 17 пайызы комбайндармен терілсе, биылғы жылы жоспарланып отырған 270-280 мың тоннадай мақта шикізатының 30 пайызын комбайндармен жинау көзделуде.
Осынау құт мекеннің халқы осы аптада үлкен қуанышқа кенелді. Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Мекеменің құрылыс жұмыстары небәрі 2 ай бұрын басталған екен. Екі қабатты нысанға 100 миллион теңге жұмсалыпты. Бүгінде партияның аудандық филиалында 7 қызметкер жұмыс атқарады. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның бөлімшесі 2007 жылы ашылған. Ол кезде ауданда партияның 350 ғана мүшесі болса, қазіргі уақытта 11 мыңнан асып жығылады.
«Біз де бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихатпен бір ғимаратта күн кешіп келдік. Онда бар болғаны 5 бөлмеміз бар еді. Осыдан екі жыл бұрын қоғамдық қабылдауға келушілердің саны небәрі 60-65 адамның төңірегінде болатын. Елдің сенімі артқаны болар, қазір партияға мәселесін айтып, іздеп келушілер қатары артты», дейді «Нұр Отан» ХДП Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев.
Екі ай көлемінде бой көтерген «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы ғимаратының құрылысы кәсіпкерлер мен халық қалаулылары және басқа да қалталы азаматтардың қаржылай көмегі арқасында бой көтерді.
Бұл күні сондай-ақ, Қарақай ауылында фельдшерлік пункт нысаны пайдалануға берілді. Нысанның құны 35 165 мың теңгені құрайды. Осы ауылда тұрып жатқан 1600-ден астам халыққа жаңа ғимаратта 4 медицина қызметкері қызмет етпек. Ал, Ж. Ералиев ауылдық округіндегі С.Сейфуллин ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысына 453 564 мың теңге жұмсалыпты. «Мақтаарал» мәдениет үйі» МКҚК-ға қарасты Мырзакент кентінде орналасқан «Ақ алтын» мәдени-демалыс орталығы күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан жасанып шыға келді. Атап айтқанда, ғимараттың шатыры, ескі есік-терезелері толық ауыстырылып, көрермен залы, фойесі және қызметтік бөлмелері заманауи үлгіде жөндеуден өтті.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Суреттерді түсірген Арман ӘБДІРАШҰЛЫ.