04 Қазан, 2013

«Барыс» лига бойынша алға шықты

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұрнағы күні түнде Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры ойынын Мәскеуде жергілікті «Спартакпен» өткізген Астананың «Барысы» 4:3 (2:1, 0:0, 2:2) есебімен жеңіске жетті.

Бұрнағы күні түнде Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры ойынын Мәскеуде жергілікті «Спартакпен» өткізген Астананың «Барысы» 4:3 (2:1, 0:0, 2:2) есебімен жеңіске жетті.

Біздің жерлестеріміз «Соколь­ни­киде» өткен матчтың 3-мину­тында есеп ашты. Оны Роман Стар­ченкодан шайба алған Джош Грэт­тон салды. Мәскеуліктер Алек­сандр Никулиннің күш салуымен есепті 10-минутта теңестірді. Алай­да, астаналықтар бұған көне қой­мады. Олар үзіліске дейін форвард Константин Руденконың мергендігі арқылы тағы алға шықты.

Негізінен «Барыс» бірінші ке­зең­дегі осы бір шайбаның ар­тық­шылығы арқасында түпкі жеңіске жетті. Себебі, келесі екі кезеңде қар­сыластар бір-бірінен аса алмады. Екінші кезеңде екі жақтың да есебіне гол жазылған жоқ. Ал үшінші кезеңде соққан шайбалары тең болды. Әуелі қазақстандық Михаил Рахманов есепті ұлғайтты (3:1). Сосын Майк Ландин «Барыс» сапындағы өзінің бірінші шайбасын түсірді (4:1). Кездесудің соңына қарай мәскеуліктер екі шайбаны қыс­қартуға қол жеткізді. Бұларды Вячеслав Козлов пен Ростислав Шпирко өз есептеріне жазды.

Осы жеңістен кейін «Барыс» өзі­нің тарихында бірінші рет ҚХЛ бойынша топ бастады. Онда қазір 11 ойыннан 27 ұпай бар. Санкт-Пе­тербургтің СКА-сы да осынша ұпай жинады. Бірақ оның ішкі көр­сеткіштері астаналықтардан төмен. Тағы бір айта кететін жайт, «Барыс» осымен қатарынан 86-шы матчты голмен аяқтап отыр.

«Барыс» келесі турдың ойынын 8 қазан күні өз алаңында По­дольскінің «Витязь» командасымен өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:00 сағатта басталады.

Дамир Қожамқұл.