04 Қазан, 2013

Ойын автоматтары жойылды

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полиция­сы де­партаментінің қызмет­кер­лері Өс­ке­менде сот орын­дау­­шы­ларымен бір­ге сот шешімдерімен тәркіленген ойын автоматтарын жойды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полиция­сы де­партаментінің қызмет­кер­лері Өс­ке­менде сот орын­дау­­шы­ларымен бір­ге сот шешімдерімен тәркіленген ойын автоматтарын жойды.

Ел заңдарына сәйкес ойын ме­кемелері саласындағы кәсіп­кер­лік қызметті арнайы екі орында – Ақмола облысының Бурабай – Шортанды демалыс аймағы мен Қапшағай су қоймасының оң жаға­лауында жүзеге асыруға рұқ­сат етілген.

Алайда, жасырын ойын ме­ке­­мелерінің қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, бұл салада заң бұзушылық етек алып отыр. Соған байланысты де­пар­­тамент қызметкерлері арнайы бекітілген жерлерден тыс ор­наласқан казино және ойын автомат залдарын анықтау және заң бұзушылықтың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Ағым­дағы жылдың 8 айын­да заңсыз ойын бизнесін ұйым­дас­тырумен күрес саласында 17 қылмыс ашылып, 4 онлайн – кази­ноның қызметі тоқтатылды. Сотқа 5 қылмыстық іс жолданды.

Заңсыз айналымнан 53 ойын автоматы, 29 жүйелік блок, 1 ру­лет­ка алынды. Сонымен қатар, электрондық лотерея деген атты жамылған ұйымдасқан заң­сыз ойын бизнесінің жолы ке­сілді. Элек­трондық лотерея тер­ми­налдарының иелеріне қатысты 6 қыл­мыстық іс қозғалып, 66 ойын терминалы тәркіленді.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.