Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде - тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.