«Дезинфекция жұмыстары тұрғын үйлерде, ойын алаңдарында, саябақтарда, скверлер және қалалық жағалауда жүргізілуде. Біз қоршауларды, орындықтарды, тротуарларды және т.б. мұқият өңдейміз. Қала тұрғындарынан денсаулықтың барлық стандарттарын сақтауын сұраймын. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз вирусты жеңе аламыз», – дейді «Столичная дезинфекция» ЖШС қызметкері Нұрғиса Ахметов.
Елорданы өңдеу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналар көмегімен де жасалуда. Дезинфекцияға Қарулы Күштердің биологиялық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері де қатысуда.
Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, квартал ішіндегі аумақтар, аулалар, ойын алаңдары, үй кіреберістері және басқа да адам көп жиналатын орындар аумағы қарқынды өңделуде.
Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска кию, қолды үнемі антисептикпен өңдеу, әлеуметтік қашықтық сақтау.