07 Сәуір, 2010

САН ҚЫРЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР

682 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Достастық елдері делегацияларының назарында Бұған дейін хабарлағанымыз­дай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың басшы­лы­ғымен бір топ қазақстандық депутат Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында жүр. ТМД-ға мүше мемлекеттердің Пар­ламентаралық Ассамблеясы, Еуразиялық экономикалық қоғам­дас­тықтың Парламентаралық Ассамблеясы және Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымы Парла­мент­тік Ассамблеясы ұйытқы бол­ған бұл сапар аясында көптеген маңызды мәселелерді жан-жақты талқылау көзделіп отыр. Сапардың алғашқы күні, яғни кеше қазақстандық делегация өкілдерінің қатысуымен тарихы көнеден тамыр тартатын Таврия сарайында ТМД-ға қатысушы елдер Парламентаралық Ассам­блея­сы Тұрақты кеңесінің елдік мүдде тұрғысындағы мәселелерді өзек еткен бірнеше отырыстары өтті. Мәселен, Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі ко­ми­тетінің, Парламентаралық Ассам­блея­ның Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жө­ніндегі тұрақты кеңесінің төрағасы Әмзебек Жолшыбековтің басшы­лық етуімен өткен отырыс бары­сында аталған тұрақты кеңестің 2009 жылғы жұмыс қорытындысы жан-жақты сүзгіден өтті. Әмзебек Рысбекұлы жиында сөйлеген сөзінде қазіргі таңда ТМД-ға мүше елдердегі ушығып тұрған күрделі мәселелерді бейбіт үнқатысу жо­лы­мен шешу қажеттігін, бұл рет­те, комиссияның жұмысын жан­дан­дырудың маңызы айрықша екен­дігін атап өтті. Бұл отырыс ба­рысында сондай-ақ, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, Ұлы Отан со­ғысындағы Жеңістің 65 жыл­дығына арналған халықаралық парламенттік конференцияға дай­ын­дық жайы да кеңінен әңгіме өзе­гіне айналды. Жиынның қоры­тын­дысында қатысушылар ТМД-ға мүше елдер Парламентаралық Ассамблеясы Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты кеңесінің ке­зекті отырысын өткізу және оның мерзімін белгілеу жөніндегі өз ұсыныстарын жеткізіп, арнайы қарар қабылдады. Ал Парламентаралық Ассам­блея­ның әлеуметтік саясат және адам құқығы мәселелері жөніндегі тұрақты кеңесінің отырысы ке­зін­де де ТМД елдеріне ортақ ма­ңыз­ды мәселелер күн тәртібіне қой­ыл­ды. Мәселен, Әзірбайжан Респуб­ли­касының аймақтық мәселелер жөніндегі Кіші Мәжілісі (Милли Меджлис) комитетінің төрағасы Рагимзаде Ариф Гафароғлының төрағалығымен өткен отырыс барысында ТМД елдерінің әлеу­меттік саясат тетіктерін қалыптас­тырудың басым бағыттары, Дос­тас­тыққа мүше мемлекеттердің 2011-2012 жылдарға арналған заңсыз миграцияға қарсы тұру мәселелерін көздейтін бағдар­ла­масы жобасына ұсыныстар енгізу, ТМД-ға мүше елдер Парламент­ара­лық Ассамблеясының әлеу­меттік саясат және адам құқығы жөнінде қабылдаған заң актілерін тиімді пайдалану, тұрғындардың қо­ныстану және дамуы жөніндегі Еуропа парламенттік форумы жұмысын жетілдіру, қарт жандарға әлеуметтік қолдау көрсететін ұйымдардың қызметін жандандыру, Достастық елдері азаматтарын зей­нетақымен қамтамасыз ету жөнін­дегі мемлекетаралық байланысты одан әрі жүйелендіру секілді сан салалы мәселелер сын елегінен өтті. Бір атап өтерлігі, аталған жи­ын барысында Әлеуметтік мәсе­ле­лер және адам құқығы жөніндегі тұ­рақты кеңес төрағасының орын­ба­сары, Қазақстан Парламенті Мә­жілісінің депутаты Рамазан Сәр­пе­ков Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа Жолдауындағы көрсетілген еліміз тұрғындарын әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын мемлекеттік саясат жөнінде жан-жақ­ты баяндап берді. Отырыс со­ңында қатысушылар өз ұсыныс­тарын жеткізіп, кезекті отырыстың күн тәртібін қарастырды. Бұл күні түстен кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лі­сі­нің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов Қырғыз Республикасы Жо­ғар­ғы Кеңесінің (Жогорку Кенеш) төрағасы Зайнидин Құрмановпен кездесті. Кездесу кезінде О.Мұ­ха­меджанов З.Құрмановты жаңа лауазымымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етуі кезіндегі басшы­лық­қа алатын басымдықтары жөнінде айтып берді. З.Құрманов Қазақ­стан­ның әлемдегі беделді Ұйымға төр­ағалық етуін жоғары бағалай­ты­нын, бұл ретте бауырлас мемлекетке үлкен сеніммен қарайтынын жет­кізді. “Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы парламентаралық бай­ланыс жыл сайын жанданып келеді. Бұлай болмауы мүмкін емес. Себебі, қос елдің арасындағы саяси байланыстың тамыры тереңде жатыр”, деді Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы өз сөзінде. Орал Байғонысұлы оның бұл сөзін қуаттай келе, бұдан кейінгі мерзімде де екі мемлекеттің парламентаралық байланысының нығая түсетініне сенім білдірді. Бұдан кейін Қазақстан Парла­менті Мәжілісінің Төрағасы Ұжым­дық қауіпсіздік шарт ұйымы пар­ла­менттік Ассамблеясының отыры­сына, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы бюросының отыры­сы­на қатысты. Онда аталған ұйым мен қоғамдастық шеңберінде Пар­ламентаралық Ассамблеяның жұ­мысын жандандыру, қауіпсіздік пен қорғаныс тетіктерін нығайту секілді өзекті мәселелер сөз болды. Кеше кешке Орал Мұхамед­жа­нов ТМД-ға мүше елдер Парла­мент­аралық Ассамблеясының төр­ағасы, Ресей Мемлекеттік Думасы Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновпен кездесіп, екі­жақты парламентаралық қарым-қатынастың жай-жапсарын әңгі­ме­ге өзек етті. Кездесу кезінде Орал Байғонысұлы Мәскеу қаласындағы метрода қаншама кінәсіз жанның өмірін қиған жантүршігерлік тер­рорлық әрекеттерге байланысты көңіл айтты. Бұл ретте Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы терроризмнің кез келген түрін ақ­тауғ­а келмейтінін атап көрсетті. “Қа­зақстан Парламенті Мәжілісі­нің депуттары Ресей халқының ба­сына түскен бар ауыртпалықты бөлісетінін жеткізгім келеді”, деді О.Мұхамеджанов бұл орайда. Екі­жақты басқосу кезінде тараптар Қа­зақстан мен Ресей арасындағы сан салалы стратегиялық әріптестіктің қыр-сырына тереңірек үңілді. Қазақстан Парламенті Мәжілісі делегациясының Санкт-Петербург­тегі жұмыс күні бүгін одан әрі жал­ғасады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ – Санкт-Петербургтен.