04 Қазан, 2013

Футбол. Еуропа лигасы. 2-тур ойындары

329 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

futvol-anji-tottenhem-1

Кеше, 3 қазан күні түнде Еуропа лигасының 2-туры ойындары ойналды. Қарағандының «Шахтері» түскен L тобындағы екі ойын да тең аяқталды. Алдымен қарағандылықтар өз алаңындағы екі доп айырымынан айрылып қалып, матчты тең аяқтауға мәжбүр болды. Біздің жерлестеріміз бірінші тамның қорытындысы бойынша 2:0 етіп жеңіп тұрды. Алайда, екінші таймда бүкіл билікті қонақтардың қолына ұстата салған олар есептің теңесуіне жол беріп алды. Тіпті құтылып та қала жаздады. Сөйтіп, Андрей Финонченко мен Евгений Тарасов соққан голдар жеңіске бастаған жоқ. Ал қонақтардан екі гооды да екінші таймда алаңға шыққан ойыншылар – Эзра мен Тургеман соқты.

Голландияның Алкмаар қаласында жергілікті АЗ бен гректің ПАОК командалары арасында өткен ойын да тең аяқталды. Онда екі доп та ойыннның соңғы жағында соғылды.

Келесі, 3  турдың ойындары 24 қазан күні ойналады. Бұл күні Қарағандының «Шахтері» түскен өз алаңында Голландияның АЗ командасын қабылдайды.

Біз төменде осы екі матчтың да хаттамасын жанкүйер назарына ұсынып отырмыз.

Дамир Қожамқұл.

«Шахтёр» (Қарағанды, Қазақстан) – «Маккаби» (Хайфа, Израиль) - 2:2 (2:0).

«Шахтёр»: Александр Мокин, Никола Васильевич, Евгений Тарасов (Максат Байжанов, 66), Алдин Джидич, Сергей Малый, Александар Симчевич, Гедиминас Вичюс, Рохер Каньяс, Андрей Финонченко (Аслан Дарабаев, 81), Геворг Казарян (Роман Муртазаев, 90+3), Сергей Хижниченко.

«Маккаби»: Боян Шаранов, Талеб Тавата, Эльяд Габай, Эдин Цоцалич, Андрей Пилявский, Райо, Эйял Голаса, Авихай Ядин, Дино Ндлову (Хен Эзра, 46), Исмаэль Райан (Алон Тургеман, 46), Шимон Абихазира (Идан Веред, 77).

Голдар: Финонченко (40). Тарасов (45), Эзра (54), Тургеман (79).

АЗ (Голландия) - ПАОК (Грекия) - 1:1 (0:0).

АЗ (Алкмар): Эстебан Альварадо, Маттиас Юханссон, Ник Виргевер, Джеффри Гаувелеу, Ян Вуйтенс, Неманья Гудель, Мартен Мартенс, Виктор Эльм (Вилли Овертом, 80), Сельсо Ортис, Арон Йоханнссон (Денни Авдич, 90+1), Рой Беренс (Йоханн Гудмундссон, 69).

ПАОК: Санс Овехеро Хакобо, Георгиос Цавелас, Мигел Витор, Александрос Циолис, Мирослав Стох, Костин Лазэр (Димитриос Салпингидис, 84), Константинос Кацуранис, Стелиос Кициу, Сотириос Нинис (Лайам Лоуренс, 76), Лукас Перес (Секу Олисе, 72), Стефанос Атанасиадис.

Голдар: Гаувелеу (82), Салпингидис (90+3).

Турдағы қалған ойындардың нәтижелері мынадай:

А тобы

«Суонси» (Англия) – «Санкт-Галлен» (Швейцария) 1:0

«Кубань» (Ресей) – «Валенсия» (Испания) 0:2

В тобы

«Лудогорец» (Болгария) – «Динамо» (Загреб, Хорватия) 3:0

«Черноморец» (Украина) - ПСВ (Голландия) 0:2

С тобы

«Эсбьерг» (Дания) – «Зальцбург» (Австрия) 1:2

«Эльфсборг» (Швеция) – «Стандарт» (Бельгия) 1:1

D тобы

«Уиган» (Англия) – «Марибор» (Словения) 3:1

«Рубин» (Ресей) – «Зульте-Варегем» (Бельгия) 4:0

Е тобы

«Днепр» (Украина) – «Фиорентина» (Италия) 1:2

«Пасуш» (Португалия) – «Пандурий» (Румыния) 1:1

F тобы

АПОЭЛ (Кипр) – «Айнтрахт» (Франктфурт, Германия) 0:3

«Бордо» (Франция) – «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) 1:2

G тобы

«Рапид» (Австрия) – «Динамо» (Киев, Украина) 2:2

«Генк» (Бельгия) – «Тун» (Швейцария) 2:1

H тобы

«Севилья» (Испания) – «Фрайбург» (Германия) 2:0

«Слован» (Чехия) – «Эшторил» (Португалия) 2:1

I тобы

«Риека» (Хорватия) – «Бетис» (Испания) 1:1

«Лион» (Франция) – «Витория» (Португалия) 1:1

J тобы

«Легия» (Польша) – «Аполлон» (Кипр) 0:1

«Трабзонспор» (Түркия) – «Лацио» (Италия) 3:3

K тобы

«Тромсе» (Норвегия) – «Шериф» (Молдова) 1:1

«Анжи» (Ресей) – «Тоттенхэм» (Англия) 0:2

 

Суретте: «Анжи» (Ресей) – «Тоттенхэм» (Англия) матчынан көрініс.