Қазақстан • 06 Маусым, 2020

Вакцинация мәжбүрлі шара емес - Елжан Біртанов

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында айтты.

Вакцинация мәжбүрлі шара емес - Елжан Біртанов

«Вакцинациялау – қазіргі Кодекс пен жаңа Кодекс жобасы бойынша кез келген адамға келісімі арқылы ғана (немесе заңды өкілінің келісімі – баланың ата-анасы) жасалады. Кез келген адам (ата-ана) одан бас тарта алады. Ол мәжбүрлі емес. Әйтсе де халықты вакцинациялау – инфекция эпидемиясынан халықтың қорғаудың бірден-бір ғылыми негізге ие әрі дәлелденген амалы. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы», - деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

Министр «егер вакцинация міндетті болмайтын болса – перзентханалар мен ауруханалардың дәрігерлері үшін міндетті болмайтынын» айтты.

«Бізге бұл вакциналарды сатып алу керек болмай қалады. Жылына 4 миллионнан астам балаға туған кезде және туғаннан кейін мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмонияға қарсы екпе жасалмайды», - деп түйді Елжан Біртанов.