Әлем • 06 Маусым, 2020

Қазақстан Елшісі Малайзияның көрнекті мемлекет қайраткерімен кездесті

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусымда Путраджая қаласында Елші Болат Иманбаев Малайзияның көрнекті мемлекет қайраткері Махатхир Мохамадпен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Елшісі Малайзияның көрнекті мемлекет қайраткерімен кездесті

Елші сұхбаттасушыға екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы туралы хабарлап, Қазақстан саясатының басымдықтарымен таныстырып өтті. Сонымен бірге, еліміздің барлық салаларындағы сабақтастық саясатына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың жүзеге асырып жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық реформалардың маңыздылығы атлып өтті.

Өз кезегінде М.Мохамад 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. М.Мохамад Қазақстан Малайзия үшін ерекше қызығушылық танытатынын және екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастық зор әлеуетке ие екендігіне назар аударды. Бұрынғы Премьер-министр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен жоғары деңгейдегі және халықаралық іс-шаралар шеңберіндегі өзара сапарлардың аясында өткен кездесулерді жылы ықыласпен еске алды. Сонымен қатар, Елбасының келе жатқан мерейтойына байланысты ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан халқына одан әрі гүлденуді тіледі.