Науқастардың арасында Қарағандының 27 тұрғыны бар. Үш адам Жезқазған қаласынан. Сондай-ақ, ауырғандар қатарында Теміртау мен Саран қалаларынан және Бұқар жырау ауданынан бір-бір адамнан бар.
COVID-19 жұқтырған науқастар бұрын ауырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексергенде және скрининг жасау кезінде анықталды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Инфекция ошақтарында зарарсыздандыру іс-шаралары жүргізілді.
Соңғы түскен мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 105 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 405 науқас аталған аурудан айығып шықты. Өкінішке қарай, бес адам індеттің құрбаны болды.
Қарағанды облысы