04 Қазан, 2013

«Аль-Каида» ұйымының мүшесі АҚШ-қа тапсырылды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 10-Sot otirisiБелгия билігі «Аль-Каида» ұйымының белсенді мүшесі Назир Трабелсиді Америкаға тапсырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабаралады.

АҚШ әділет министрлігінің мәліметіне қарағанда, Белгия түрмесінде 10 жыл қамауда болған Назир Трабелси енді Америка сотына жауап береді.

43 жасар бұл азамат Америка әскерилеріне қастандық жасауға әрекеттенгені және террористік топты қолдағаны үшін өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін. Арнайы қызмет өкілдерінің ақпарына жүгінсек, Назир Трабелси 2001 жылы Ауғанстанның Қандағар қаласында «Аль-Каида» басшысы Усама бен Ладенмен кездесіп, одан АҚШ әскери әуе күштері базасына жасалуға негізделген терактінің бағыт-бағдары жөнінде ақпарат алады.

Американың БАҚ өкілдері мәлімдегендей, Назир Трабелси «Аль-Каида» ұйымына кірмес бұрын кәсіпқой футболшы болып, Германия бундеслигасының «Фортуна» футбол клубында өнер көрсеткен екен.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар