Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Коронавирус: Жағдай бақылаудан шыққан жоқ

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы жаман індеттің жай-күйі жайлы кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов айтып берді.

Коронавирус: Жағдай бақылаудан шыққан жоқ

«Жалпы облыстағы жағдай тұрақты, инфекцияның таралуы біздің бақылауымыздың шеңберінде. Шектен шыққан көбеюлерге жол берілген жоқ. Соңғы үш аптада анықталған пандемияның бәрі сырттан келген адамдардың бойынан табылды. Біздің облыста М.Жұмабаев, Ш.Уәлиханов және Мамлют аудандарының аумағында Ресей Федерациясымен шекаралық бекеттер орнатылған. Соңғы уақыттарда анықталған короновирустың бәрі осы бекеттерден кірген адамдардың бойынан табылды», деді ол өзінің сөзінде.

Қазір бойынан дерттің белгісі табылғандардың бәрі карантиндік стационарға жатқызылған. Ал облыс орталығындағы Бірінші ауруханада арнайы ұйымдастырылған инфекциялық бөлімшеде 46 адам емделуде. Оның ішінде екеуінің бойынан пандемияның сипатын анық көрінуде, соның ішінде біреуінің сырқаты онкологиялық дерттің әсерімен күшейе түсуде. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты көрінеді. Олардың температурасы, қан қысымы және т.б. күніне төрт рет тексеріледі.

Сонымен бірге, Н.Айманов дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі –дәрмектердің бәрі жеткілікті екенін, бұл жағынан ешқандай проблема жоқ екенін атап өтті.

 

ҚЫЗЫЛЖАР

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35