Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Коронавирус инфекциясын тіркеудің жаңа тәртібі енгізілді

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде коронавирус инфекциясын тіркеудің жаңа тәртібі енгізілді, яғни науқастардың жағдайы симптомды және симптомсыз болып тіркелетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Коронавирус инфекциясын тіркеудің жаңа тәртібі енгізілді
07.06.2020ж. сағат 09:30 уақыты бойынша облыста «Covid-19» вирусы тағы 2 адамнан анықталды. 2-уі де симптомсыз, ағымды коронавирус жағдайы болып анықталды. Жұқтырғандар Қызылорда қаласының тұрғындары. 
 
Қазіргі таңда жинақталған мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясының тіркелуінің ерекше тәртібі енгізілді.
 
«Алдағы уақытта маусым айынан бастап тіркелген науқастарды симптомды және симптомсыз деп тіркеу қолға алынды. Осы тәртіп бойынша облысымызда симптомды коронавирус инфекциясының ағымымен тіркелген науқастар саны - 461, симптомсыз тіркелгендердің саны 50 болып нақтыланды» деп хабарлады баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.
 
Бүгінгі күнге Облыстағы инфекциялық стационарда 127 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас жансақтау бөлімінде. Біреуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Үшеуінің жағдайы ауыр күйінде қалуда.
 
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған - 5152 азамат анықталды. Оның ішінде, 2960 тікелей қарым-қатынаста болса, 2192 жанама байланыста болған. 
 
Тәулігіне алынған 969 тест сынамасының 967-сі теріс мәнді, 2-уі оң мәнді болып шықты. Қалған сынамалар тексерілу үстінде.
 
«Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға сәйкес, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап, бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз» делінген хабарламада.