Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Жемір шегірткелер шығыс өңірінің аудандарында бой көрсетті

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса қауіпті үйірлі азиялық және италияндық прус шегірткелері биыл еліміздің шығыс өңірінің оңтүстік аудандарында бой көрсетті. Осыған орай оларға қарсы Зайсан ауданының Біржан, Дайыр, Қаратал, Айнабұлақ, Кеңсай, Шілікті ауылдық және Зайсан қалалық округтерінде барлығы 2951 гектар алқаптарда, химиялық өңдеу іс-шаралары (АН-2 ұшағы және жер үсті УМО-атомайзерлік бүріккішімен), ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап атқарылады.

Жемір шегірткелер шығыс өңірінің аудандарында бой көрсетті

Егіс алқаптарында жүргізілетін жұмыстарға байланысты ҚР АШМ АӨК МИК Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы аудан тұрғындарынан, мал, бал-ара шаруашылықтары жетекшілерінен, жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жайылымдық және пасекаларды, өңдеу аумақтарынан кем дегенде 4-5 шақырым жерлерге ауыстыруды сұрап, хабарламалар таратуда. Хабарламалар аудан әкімдігінің сайты мен жергілікті БАҚ-тар арқылы берілуде.

АШМ АӨК МИК Зайсан аудандық аумақтық инспекциясының байланыс телефон номерлері: жұмыс 31-003, ұялы 87773831848