фото: Назарбаев университеті
Бұл – Қазақстанда ресми түрде тіркелген алғашқы медициналық экзоскелет. Құрылғы төменгі аяқ-қол қозғалысын қалпына келтіруге көмектеседі және жасанды интеллект арқылы пациенттің жағдайына қарай жүктемені автоматты түрде реттейді.
Жүйе беговая дорожка, ілгіш жүйе және сенсорлармен жабдықталған роботтық каркастан тұрады. Мамандардың айтуынша, технология реабилитациялық және травматологиялық орталықтарда нақты клиникалық жағдайда қолданылатын болады.
Жобаны әзірлеушілердің бірі, робототехника кафедрасының ассистент-профессоры Айбек Ниеткалиевтің айтуынша, экзоскелет қолданыстағы шетелдік аналогтарға қарағанда шамамен үш есе арзан болуы мүмкін.
Еске салайық, Қазақстанда инсульттің алдын алу және емдеу жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар нәтижесінде инсульттан болатын өлім-жітім 4 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға азайтуға септігін тигізгені хабарланды.