04 Қазан, 2013

Украинада қателесіп сегіз жасар баланы әскерге шақырыпты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-10-13-ivan ostrushko-1

Украинаның астанасы Киев қаласында сегіз жасар мектеп оқушысы Иван Острушкоға әскери комиссариаттан әскерге шақыру қағазы келген. Бұл туралы «Сегодня» газеті хабарлады.

Газет тілшісінің анықтағанындай, қателік тұрғын үй шаруашылығы басшылығының дерегінен кеткен. Олар үшінші сыныптың оқушысын жасөспірім жігіт ретінде көрсетіп жіберген.

Баланың ата-аналары бұл оқиғаны әзілмен қабыл алыпты. Олар ұлдарына әскерге шындап баруға кеңес берген. Сосын Голосев аудандық әскери комиссариатының бастығына жолығып, жағдайды түсіндірген.

Шамасы, қателік паспортшылардан кеткен сияқты. Сөйтсе, мұндай жағдай бұрын да орын алған екен. Ваняға алты жасында да осындай шақыру келіпті.

Сұлтан Бозайғыр.